AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыдағы №1 қалалық перзентхана ғимараты толықта...

Алматыдағы №1 қалалық перзентхана ғимараты толықтай бұзылды

Барлығы 23.01.2026, 18:23 563 yakiya
Алматыдағы №1 қалалық перзентхана ғимараты толықтай бұзылды
Алматы әкімдігі

Қала әкімдігінің мәліметінше, 1938 жылы салынған бұрынғы ғимаратқа жүргізілген техникалық тексеру нәтижесінде тірек құрылымдары мен инженерлік желілерінің 100 пайыз тозғаны анықталған. Өрт қауіпсіздігі, желдету, гидрооқшаулау жүйелері қазіргі заман талаптарына сай келмеген, сондай-ақ науқастарды тасымалдауға арналған жедел саты болмаған.

Жер телімі тектоникалық жарылым аймағында орналасқанына қарамастан, ғимаратта бірде-бір рет сейсмикалық күшейту жұмыстары жүргізілмеген. Ғимараттың сейсмикалық нормалар талаптарына сәйкес келмейтіні жөнінде ҚазҚСҒЗИ-дің тиісті қорытындысы бар.

Құрылымдық тозудан бөлек, нысан медициналық көмек көрсету стандарттарына да сай болмаған. Атап айтқанда, қабылдау бөлімінде шұғыл ота жасайтын зал болмаған, пациенттерді triage (сұрыптау) жүйесімен қабылдауға жағдай жасалмаған, операциялық блок пен реанимацияда инфекциялық бақылауға арналған арнайы үй-жайлар қарастырылмаған.

"Ғимараттың іргетасын күшейту мүмкін болмағандықтан, ал күрделі жөндеу мен оны ұстау экономикалық тұрғыдан тиімсіз деп танылғандықтан, 1938 жылғы ғимаратты сүріп, оның орнына жаңасын салу туралы шешім қабылданды", – делінген хабарламада.

Жобаға сәйкес, жалпы аумағы 10 мың шаршы метрден асатын үш қабатты жаңа ғимарат салынады. Жаңа перзентхана 155 орынға есептелген. Заманауи палаталар ана мен балаға жайлы жағдай жасап, энергия үнемдейтін технологияны енгізу пайдалану шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.

Қабылдау бөлімінде шұғыл ота жасайтын бөлме қарастырылған, бұл кезек күттірмейтін көмекті кідіріссіз көрсетуге жол ашады. Операциялық залдардың жалпы саны екіден төртке дейін артады. Сондай-ақ, қабылдау бөлімінің қуаты тәулііге 25-тен 38 өтінішке дейін ұлғайтылады.

Жаңа корпус пайдалануға берілгеннен кейін көрсетілетін медициналық қызмет саны жылына 11 мыңнан 14 мыңға дейін өсіп, босану саны 5 мыңнан 9 мыңға дейін артады деп жоспарланып отыр. Жаңа ғимарат акушерлік, перинаталдық көмек пен жаңа туған нәрестелерге күтім жасау саласында инновация мен озық медициналық технологияны, дәлелді медициналық тәсілдерді енгізуге мүмкіндік береді.

"Құрылыс жұмыстарын келесі жылдың наурыз айында аяқтау жоспарланған. Осы кезеңде перзентхана жұмысын тоқтатпайды — барлық бөлімше уақытша Сейфуллин даңғылындағы "А" блогына орналастырылады".
Алматы әкімдігі

Телеграм арнаға жазылыңыз
#перзентхана
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Еліміздің төрт өңірінде аптап ыстық болатыны болжанды

Бүгін 08:40

Грант, сыйлық, шәкіртақы: дарынды жастардың дамуына жол ашатын бастамалар

Кеше 21:08

Параатлеттер Astana Half Marathon жарысына қатысты

Кеше 21:04

Прокуратура суық қаруға қатысты заң талаптарын еске салды

Кеше 15:26

«Таза Қазақстан»: Astana Half Marathon аясында ерекше экологиялық акция ұйымдастырылды

Кеше 15:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);