Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Арман неге орындалмайды?

Арман неге орындалмайды?

Мұны білген жөн 23.01.2026, 11:41 226
Арман неге орындалмайды?
интернеттен
Арман-тілектердің орындалуы тек қана қиялға емес, дұрыс қойылған мақсат пен нақты ережелерге байланысты. Мамандар арманды дұрыс тілеудің 7 ережесін ұсынады. 
 
Ендеше, 2026 жылға жоспар құрмас бұрын осы ережелермен танысып шығыңыз.
 
1-ереже. Арманға орын дайындаңыз
 
Өміріңізге жаңа нәрсе келуі үшін алдымен оған орын босату қажет. Мысалы, жаңа тоңазытқыш алар алдында ескісін шығарамыз немесе үйге жаңа адам келсе, бөлме дайындаймыз. Арман да дәл солай.
 
Үйіңізді, барлық бөлмелерді, балкон мен гаражды:
• қажетсіз,
• мерзімі өткен,
• сынған,
• пайдаланылмайтын заттардан тазартыңыз.
 
Бұл – бірінші әрі өте маңызды қадам.
Кеңес: осы іске кемінде 3 күн арнаңыз.
 
2-ереже. Арман-тілектеріңіздің ешкімге зияны тимеуі керек
 
Ақ параққа 30–40 мақсат немесе арман-тілегіңізді жазыңыз. Ең бастысы – олар ешкімге зиян келтірмеуі тиіс.
 
Мысалы:
❌ «Сүйіктім ажырасып, менімен болсын» деу, бөтен адамға зиян келтіретін экологиялық жағынан лас тілек.
✅ «Мен сүйіспеншілікке толы бақытты қарым-қатынаста боламын».
 
Барлық тізімді жазып болған соң, 2026 жылы орындалуын қалайтын негізгі 10 мақсатты қалдырыңыз.
 
 
3-ереже. Арман тек өзіңізге қатысты болуы тиіс
 
Яғни, тілек басқа біреуге бағытталмауы керек.
 
Мысалы:
❌ «Күйеуім көлік алып берсін»
❌ «Ұлым грантқа түссін» емес!
 
Дұрыс нұсқасы:
✅ «Менің қаржылық жағдайым жақсарды»
✅ «Мен тыныш әрі молшылықта өмір сүріп жатырмын»
 
Есте сақтаңыз: арман тек өзіңіз туралы жазылады.
 
4-ереже. Арман шынайы әрі өзіңізге жайлы болсын
 
Өз арман-тілегіңізге өзіңіз сенуіңіз қажет. Ол қиял-ғажайып ертегіге ұқсамауы тиіс.
 
Мысалы:
«Әлемге танымал адамға тұрмысқа шығамын» – бұл формалды түрде зиянсыз болғанымен,
шын мәнінде ол сізге сай ма, сіз оған дайынсыз ба?
 
Арман:
• сізге қажет,
• қолайлы,
• өмір салтыңызға сай болуы керек.
 
5-ереже. Арманның орындалуына рұқсат беріңіз
 
Көп арман қорқыныштың құрсауында қалып қояды.
 
Қорқыныштың мысалдары:
• белгісіз ортадан қорқу,
• ақшадан айырылып қалу,
• апат, сәтсіздік туралы ойлар.
 
Әр арман-тілегіңіздің қасына:
• 3 қорқынышыңызды жазыңыз,
• оларды логикалық тұрғыда жоққа шығарыңыз.
 
Қорқыныштан арылған арман ғана қозғалысқа түседі.
 
6-ереже. Арманның орындалғанын сезініңіз
 
Арманыңды тек ойлау аз, оны сезіну керек.
 
Мысалы, 2026 жылы Египетке саяхаттауды армандасаңыз:
• ыстық күнді,
• құмды,
• пирамидаларды,
• сол сәттегі қуаныш пен таңданысты елестетіңіз.
 
Визуализация арқылы арман қуат алады.
 
Егер елестету қиын болса, әр тілектің қасына өз эмоцияңызды сөзбен жазыңыз.
 
7-ереже. Арманыңызға нақты мерзім қойыңыз
 
Әр арман-тілекке орындалу уақытын нақты жазыңыз:
• жыл,
• ай,
• күн.
 
Мысалы:
Тұрмысқа шығу – 2026 жыл, 15 наурыз.
 
Мерзімсіз арман – бағытсыз мақсат.
 
Қорытынды
 
Арман-тілек орындалуы үшін ол:
1. Орны дайын,
2. Экологиялық жағынан таза,
3. Тек өзіңізге қатысты,
4. Шынайы,
5. Қорқыныштан азат,
6. Сезіммен қуатталған,
7. Нақты мерзімі бар болуы керек.
 
Ал сіз 2026 жылға не тіледіңіз?
Телеграм арнаға жазылыңыз
#арман
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мектеп директорларын тағайындау жүйесі өзгереді

Бүгін 17:09

Таяу Шығыстан 7300-ден аса қазақстандық елге оралды

Бүгін 16:00

Марокко сарапшысы: Қазақстанның жаңа Конституциясы адам құқықтарын күшейтеді

Бүгін 14:27

Алматыдағы бизнес өкілдері қала тұрғындарын референдумға қатысуға шақырды

Бүгін 14:25

Жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдумға қазақстандықтардың 70%-дан астамы қатысуға ниетті

Бүгін 12:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі