Клининг: байларға арналған қызмет пе, әлде жалқауларға көмек пе?

Клининг: байларға арналған қызмет пе, әлде жалқауларға көмек пе? интернеттен
Қазақстанда клининг қызметі шамамен оншақты жыл бұрын таныла бастады. Қазір үйін жинату үшін клининг шақырмайтын отбасы сирек кездеседі. Соған қарамастан, қоғамда әлі күнге дейін әйел адам өз үйін өзі жинауы керек, бұл жалқауларға керек қызмет немесе клининг тек байларға арналған деген түсінік бары рас.
 
Осы тақырыпқа қатысты қоғамдағы пікірлерді ескере келе клинингке деген көзқарасты шартты түрде жеті санатқа бөлуге болады:
1. Клинингке үзілді-кесілді қарсы адамдар. Олардың ойынша, үйде келін бар, үйдің отанасы бар, қызы мен басқа да отбасы мүшелері бар, қысқасы әркім өз үйін өзі жинауы керек.
2. Үйге бөтен адамның кіруіне, заттарына қол тигізуіне қарсылық танытатындар.
3. Бөгде адамдарға сенбей, бірдеңем жоғалса ше, затымды сындырып алмай ма? деп алаңдайтындар.
4. Клинингті тек жөндеу жұмыстарынан кейінгі тазалық үшін ғана шақыратындар.
5. Жылына бір рет толық тазалату үшін кәсіби маман шақыруды құп көретіндер.
6. Клинингке оң көзқарастағылар, өйткені үй жинау  әйелдің өмірлік миссиясы емес деп есептейтіндер.
7. Үйді басқа адамның жинауына қарсы емес, бірақ ол клининг қызметі емес, тек бір тексерілген, тұрақты үй қызметкері болғанын қалайтындар.
 
Түрлі көзқарастың барына қарамастан, біздің қоғам клинингтің қалыпты әрі ыңғайлы қызмет екенін қабылдай бастады. Бұл дәл тамақ жеткізу қызметі сияқты сервистің түрі. Демек, болашақ келіндер үшін тұрмысты басқа адамдарға сеніп тапсырып, уақытын одан да жағымды істерге арнауға мүмкіндік бар. Ең бастысы ененің де, күйеудің де көзқарасын өзгерту.
 
Клининг туралы ел тұрғындары не ойлайды?
 
Нұргүл, 39 жаста:
 
Менің күйеуім бұл қызметке аса жақсы қарай бермейді. Оның отбасында ешкім клининг қолданбаған, «басқалар да бәріне үлгеріп жүр ғой, біз де істей аламыз» дейді. Бірде жөндеуден кейін клининг шақырдық, сол кезде ғана риза болды. Бірақ күнделікті немесе ай сайынғы тазалыққа клининг шақыруға қарсы. «Өзіңе қиын ба?» дейді. Ал мен айына бір рет толық тазалап беруге шақырсақ жеткілікті дер едім.
 
Кәмшат, 27 жаста:
 
Өз басым клинингке өте қарсымын, ал күйеуім керісінше жақсы көзқараста. Үйде бөтен адамдардың жүргенін, менің дүниелерімді ұстағанын ұнатпаймын. Бір рет шақырып көрдім, сапасы да көңілімнен шықпады, одан кейін тіпті бұл туралы ойламайтын да болдым.
 
Зарина, 25 жаста:
 
Біздің отбасымызда клинингке деген қарсылық жоқ, бірақ әзірге бұл қызметті қалтамыз көтермейді, себебі үйіміз үлкен, ал мұндай үлкен аумақтың шаршы метріне есепегенде айтарлықтай қымбатқа шығады.
 
Таисия, клининг компаниясының негізін қалаушы:
 
Біздің негізгі клиентіміз орта тап өкілдері. Олар уақыты тапшы, өз еңбегін бағалайтын адамдар. Біздің қызметті қалтасы көтермейтіндер көбіне үйін өзі жинайды, ал ауқатты адамдар көбіне тұрақты үй қызметкерлерін жалдайды. Ал жөндеуден кейінгі тазалыққа көп отбасы қаржылық жағдайына қарамастан клининг шақырады, себебі ол күрделі, арнайы құрал мен білімді талап ететін жұмыс.
 
Қазақстанда әлі де «пысық әйел бәрін өзі істеуі керек» деген көзқарас бар. Бірақ мегаполистерде бұл көзқарас біртіндеп өзгеріп келеді. Қалада өмір қарбалас, көп әйел ерімен бірдей жұмыс істейді, сондықтан клининг үлкен көмек.
 
Сұранысқа көп ие болған қызметіміз толық тазалау. Бұл жұмыс бір күнге созылады, өйткені үйдегі мүлік пен қабырға толық тазаланады. 
 
Қауіпсіздікке алаңдайтын клиенттер үшін біз жұмысқа кіріспес бұрын келісімшарт жасаймыз және мүлікке толық жауап береміз. Сонымен қатар, клинерлер пәтерден шығар алдында сөмкелерін ашып көрсетеді бұл сенімділікті арттырады.
 
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

15:32

15:05

14:56

14:50

14:34

14:18

14:15

14:02

12:27

12:22

12:11

12:03

11:50

11:41

11:26

11:17

11:05

10:51

10:48

10:41

10:18

10:09

09:48

09:32

09:18