Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда республикалық денсаулық сақтау басшыларын...

Алматыда республикалық денсаулық сақтау басшыларының форумы өтті

Әлеумет 18.11.2024, 09:08 1,362
Алматыда республикалық денсаулық сақтау басшыларының форумы өтті
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Мегаполисте «Көшбасшылық және тұрақты даму» IV республикалық денсаулық сақтау басшыларының форумы өтті. Оған Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова қатысып, сөз сөйледі.

«Қазақстанның денсаулық сақтау менеджерлерінің қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен алқалы жиында отандық жетекші сарапшылармен бірге, Гарвард университеті (АҚШ), Кингс колледжі (Ұлыбритания) сияқты беделді оқу және зерттеу мекемелерінің әлемдік деңгейдегі жетекші мамандары, сондай-ақ Германиядан келген сарапшылар да сөз алып, тәжірибелерімен бөлісіп, халықаралық және жаһандық деңгейдегі әдіс-тәсілдерін ұсынды.

Форумның негізгі мақсаты – денсаулық сақтау саласындағы жұмыстардың тиімділігін арттыруға, оның басшылары арасында көшбасшылықты нығайтуға және қазіргі заманғы сын-қатерлер жағдайында саланы орнықты дамытуға бағытталған стратегиялар мен шешімдерді әзірлеу. 

Иә, денсаулық сақтау саласын заман көшінен қалмай сүйреу үшін жаңашыл басшы керек екені даусыз. Бұл бағытта жетекшінің көшбасшылық қасиеті үлкен рөль атқарады. Кадр біліктілігі, инфрақұрылым сапасы да көп мәселені шешеді. Форум төрінде денсаулық сақтау саласындағы басшылардың көшбасшылық қасиеттері мен құзыреттері; медициналық қызметкерлердің мәртебесін қолдаудағы басшылардың рөлі; денсаулық сақтау саласындағы стратегиялық жоспарлау; тиімді менеджмент тәжірибесі, яғни сәтті кейстер талқыланды.

Сондай-ақ, медицина мекемелері инфрақұрылымының қазіргі ахуалы, кадрл тапшылығы және медициналық қызметтердің сапасын арттыру жолдары қаузалды. Иә, бүгінде еліміздегі денсаулық сақтау ғимараттарының 49,3%-ы тозған, басым көпшілігі жарты ғасыр бұрын салынған. Кей өңірлерде медициналық жабдықтардың жетіспеушілігі де өзекті тақырыпқа айналған. 
Форумда медициналық қызмет сапасын бақылау және стандарттау тақырыбы да көтерілді. Мәселен, спикерлер көптеген мемлекеттік клиникаларда пациенттерге сапалы қызмет көрсетуге арналған бақылау жүйесінің әлсіздігін алға тартты. Ал жекеменшік секторда бұл бағыттағы жұмыстар айтарлықтай жақсы жолға қойылған деген пікірде. 

Форум қатысушылары мемлекеттік-жекеменшік әріптестік, жеке инвесторлар арқылы ауылдық жерлердегі денсаулық сақтау деңгейін көтеру, медициналық мекемелердің толықтай цифрландырылуы мәселесін де көтерді. 

Жалпы, аталған форум білім мен тәжірибе алмасуға, сондай-ақ елімізде медицинаны дамытудың болашақ бағыттарын талқылауға арналған бірегей платформаға айнала білді. 


– Мен бұл форумға биыл екінші мәрте қатысып отырмын. Нақты жол көрсететін, бағдар беретін алқалы жиын. Жасыратыны жоқ, қазіргі күні кредиторлық берешегі бар медицина мекемелері аз емес. Бұл жағдай біздің де басымызда бар. Бүгін осы мәселе де, одан шығу жолдары да талқыланды. Біз берешегімізден құтылуды осыдан ертерек бастап кеткенбіз. Шыны керек, шалғай ауылдарға, шағын қалаларға жас мамандар келе бермейді. Олар оқуды бітіре салып жұмысын бірден алып шаһарларда бастағысы келеді. Ал негізінде тәжірибе жинақтау үшін шағын емхана, ауруханалардан бастау маңызды. Көп өңірде балалар дәрігерлері жетіспейді. Бұл да бүгінгі проблема. Медициналық қызметтің сапасы төмен болса, науқастар тарапынан арыз-шағым да көп болады. Біз білікті мамандарды 160 мың тұрғыны бар Жаңаөзен қаласына арнайы шақырып, жалақысына қоса үстемақы төлеп, баспана беріп, қатарымызға тарттық. Олар қазір өзіміздегі мамандарды заманауи аппараттардың тілін меңгеруге үйретіп жатыр. Биыл жыл соңына дейін кредиторлық берешегімізден толықтай құтыламыз деп отырмыз. Мақсатымыз – тұрғындарға сапалы қызмет көрсету, – дейді форум қонағы, Жаңаөзен (Маңғыстау облысы) қалалық көпбейінді аурухана директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары Марат Еділханов.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#денсаулық #форум #стратегия
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Кеше 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Кеше 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Кеше 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика