Келісім шарт аясында қаланы дамытудың негізгі институты жаһандық деңгейде әріптестік үшін мүмкіндіктерді кеңейтеді және құжаттың он негізгі қағидатын жүргізетін болады
Алматы БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына (БҰҰ ТДМ) қолжеткізуге бағытталған халықаралық қоғамдастықтағы өз ұстанымын нығайтады. Бұл процестің бір бөлігі бүгінде 160-тан астам мемлекеттен 9500 компания мен 3000 коммерциялық емес ұйым қатысатын БҰҰ-ның жаһандық келісім-шартына қатысуы болып табылады. 2023 жылғы 20 шілдеде «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ (АДО олардың қатарына қосылды
БҰҰ-ның жаһандық келісім шартының құрамына енді.
"Бүгінде БҰҰ ТДМ-ға қолжеткізу жөніндегі өз күш-жігерін тек мемлекеттер ғана емес, сонымен қатар коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар мен компаниялар да біріктіре алады. Ол үшін БҰҰ-ның жаһандық келісім - шарты бар. Бұл тұрақты даму идеяларын ұстанатын және іс жүзінде тиісті шешімдер қабылдауға және іске асыруға дайын компаниялардың қызметі үшін саяси платформа және практикалық негіз болып табылады. «Алматы қаласын дамыту орталығының" жаһандық келісім шартқа қосылуы Қазақстанда БҰҰ ТДМ – ға қо жеткізу тек саяси декларация әрі ұлттық деңгейде ғана емес, өңірлік деңгейде де жүріп жатқан практикалық жұмыс екенін білдіреді», дейді оқиғаның оң мәнін атап өткен БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі сарапшысы Сергей Цой.
Сарапшы Жаһандық келісім шарт БҰҰ-ның орнықты даму қағидаттарына сәйкес бизнес-процестер мен корпоративтік мәдениетті біріктіруге және жүйелеуге бағытталғанын айтты. Келісім шарт платформа ретінде жаһандық мәселелердің бірлескен шешімдерін әзірлеуге және ауқымын анықтауға мүмкіндік береді.
Біріккен Ұлттар Ұйымының қазіргі Бас хатшысы Антонио Гутерриш кезінде: «Жеке сектор халықаралық ынтымақтастықты дамыту, мемлекеттік-жекеменшік серіктестіктерге қатысу, ортақ мәселелердің инновациялық шешімдерін іздеу және жауапты бизнес жүргізу арқылы бұл процесте ортақ рөлге ие» деген еді.
Бүгінде түрлі елдердің іскер топтары БҰҰ-мен және өзара ынтымақтастық құралы ретінде БҰҰ-ның Жаһандық келісім - шартын қолдана отырып ынтымақтасуда.
«Өздеріңіз білесіздер, Алматы өткен жылы 2025 жылға дейін дамудың жаңа Бағдарламасын және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективаларды қабылдады. Бағдарлама тұрақты дамуға бағытталған мақсаттар мен міндеттерді анықтайды, олар негізінен БҰҰ ТДМ мазмұнымен сәйкес келеді. АДО Алматының тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ететін негізгі институт болып табылады. Бұл қызметте біз осы жылдың маусым айында өзіміздің даму бағдарламамыз бен жоспарымызды қабылдадық, оның ішінде Алматының дамуын БҰҰ ТДМ жаһандық күн тәртібімен және міндеттерімен үндестіруге бағытталған. БҰҰ-ның Жаһандық келісім- шартына қатыса отырып, біз өз ниетімізді және БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына адалдығымызды растаймыз», - деді «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ басқарма төрағасы Андрей Шовкопляс. Ол келісім- шартқа қосылу қала мен оның институттарының кешенді эволюция процесінің бір бөлігі екенін атап өтті.
Шовкопляс осы бастамаға қосылатын ұйымдар өз қызметі мен стратегияларын Жаһандық келісім - шарттың он қағидатына сәйкес келтіруге міндеттеме алатынын және бүгінде АДО-ның жұмысы оларға толықтай сәйкес келетінін атап өтті. Сондай-ақ, ол қала үшін жаңа мүмкіндіктерге назар аударды-БҰҰ-ның Жаһандық келісім- шарты Алматыға тұрақты экономикалық орта құру бөлігінде шетелдік әріптестермен тәжірибе алмасуға, БҰҰ ТДМ-ға қолжеткізу аясында инвестициялар тартуға және қалалық жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді.