Шекара асып, шетел көру көкжиегіңізді кеңейтеді. Тіпті, ойыңызда жүрген көптеген дүниелердің жүзеге асуына да өз әсерін тигізері хақ. Ал шетелге бармас бұрын сол ел туралы ақпарат жинап алғаныңыз артық болмас. Ендеше аlmaty-akshamy.kz тілшілері Kaz.tengritravel.kz порталына сілтеме жасай отырып, әлемдегі ең танымал мұражайлар туралы ақпарат беруді жөн көрді.
Париждік Лувр
Луврдағы кезектің ұзындығы бір шақырымды құрайды – бұл оның маңыздылығының айқын дәлелі. Мұражай коллекциясы ежелгі дәуірден 19 ғасырдың бірінші жартысына дейінгі кезеңде жасалған жүздеген мың бұйым мен өнер туындыларынан тұрады.
Жәдігерлер бірнеше көрмелерге тақырып бойынша бөлінген: Ежелгі Шығыс, Ежелгі Мысыр, Ежелгі Грекия, Этрурия және Рим, Ислам өнері, Мүсіндер, Өнер нысандары, Бейнелеу өнері, Графикалық өнер.
Луврдың басты көрікті жерлері - Леонардо да Винчидің "Мона Лиза" картинасы, сонымен қатар "Венера де Мило" және "Самотракия Нике" мүсіндері.
Нью-Йорктегі Метрополитен өнер мұражайы
Әлемдегі ең үлкен және ең көп келетін төртінші өнер мұражайларының бірі. Оған жыл сайын 6 миллионнан астам адам келеді. 1870 жылы үш жеке картиналар топтамасынан негізі қаланған ол уақыт өте келе әлемдік өнердің нағыз қазынасына айналды.
Метрополитен өнер мұражайында континенттік және тарихи кезеңге бөлінген 17 тақырыптық бөлім бар. Мұражайды аралар шығу үшін кем дегенде бір күн қажет, бірақ бір аптада оның барлық бөлімдерін аралап шығу мүмкін емес.
Бір қызығы, 2018 жылдан бастап мұражайға еркін бару құқығы тек Нью-Йорк тұрғындарын берілді, ал қалғандары үшін 30 доллар көлемінде төлем енгізілді.
Британ мұражайы
Ұлыбританияның басты тарихи-археологиялық мұражайы әлемдегі ең үлкен мұражайлардың бірі болып саналады, ол 1753 жылы құрылған. Мұражайда Ежелгі Грекия, Месопотамия, Ежелгі Рим, Ежелгі Мысыр еуропалық және азиялық шеберлердің туындыларын көруге болады.
Мұражайдың топтамасында кем дегенде 8 миллион нысан бар және адамзаттың екі миллион жылдық тарихын қамтиды.
Санкт-Петербургтегі Эрмитаж
Әлемдегі ең ірі өнер, мәдени және тарихи мұражайлардың бірі. 1764 жылы Екатерина II-нің жеке топтамасы ретінде құрылған. Мұнда Ренуар, Пикассо, Моне, Рафаэль, Микеланджело, Веласкес, Рубенс және тағы басқалардың туындылары қойылған.
Эрмитажда үш миллионнан астам өнер туындылары мен әлемдік мәдениет ескерткіштерінің жинағы бар. Эрмитаждың басты шедеврлері Да Винчидің "Мадонна Литта", Тицианның "Тәубе етуші Мэри Магдалена", сондай-ақ Рембрандттың "Дана" және Анри Матисстің "Би" туындылары болып саналады.
Ватикан мұражайлары
Мұражай топтамалары папалар жасаған және классикалық шеберлердің көркем туындылары, соның ішінде Қайта өрлеу дәуірінің туындылары.
Ватикан мұражайларында 22 өнер топтамалары бар, олардың ең танымалы - тамаша классикалық мүсіндер орналасқан Пиус Клемент мұражайы. Бірақ, әрине, Ватикан мұражайларының басты көрікті жерлері - Микеланджело салған Сикстин капелласы мен Рафаэльдің станцтары.
Рейксмюсеум, Амстердам
Нидерландыдағы ең үлкен және әлемге әйгілі өнер мұражайы. Рейксмюсеум негізін қалаушы Луи Бонапарт, аты аңызға айналған патша Наполеонның ағасы. Мұражай1800 жылы ол Гаагада құрылып, осында орналасқан. Ал 1808 жылы Амстердамға көшірілді.
Рейксмюсеум топтамасында голланд кескіндемесінің алтын дәуіріндегі суретшілердің туындылары сондай-ақ қола мүсіншелер, корей қораптары және басқа заттар түріндегі азиялық өнер туындыларының коллекциясы бар.
Мұражайда Австралияның еуропалық бөлігінің тарихындағы ең көне жазба жәдігерлердің бірі – Хартог тақтасы мен Медвейдегі рейд кезінде қолға түскен ағылшын әскери кемесі де қойылған.
Прадо мұражайы - Мадрид, Испания
1819 жылы негізі қаланған мұражай топтамаларының сапасы мен алуантүрлілігі бойынша әлемдегі ең үздіктердің қатарынан табылады.
Мадридтегі бұл көркем галереяда 11-18 ғасырлардағы испан кескіндемесінің ең толық жинағы, сондай-ақ Эль Греко, Веласкес, Гойя, Бош, Тициан, Ван Дейк немесе Рембрандт сияқты әлемге әйгілі суретшілердің көптеген туындылары бар. Сондай-ақ мұнда сіз шығармашылықтың әртүрлі кезеңдерінде жасалған басқа еуропалық атақты суретшілердің туындыларын таба аласыз.
Сеулдегі Кореяның ұлттық мұражайы
Кореяның Ұлттық мұражайы Азиядағы ең көп баратын мұражай деп аталады. Ол 1945 жылы негізі қаланған және 2005 жылдан бері ежелгі корей бекінісінің бейнесіндегі отқа төзімді материалдардан салынған қазіргі ғимаратында орналасқан. Мұражай корей тарихы мен өнеріне арналған және елдің даму тарихын бейнелейді.
Оның топтамасында 220 мыңнан астам жәдігер бар, оның ішінде кескіндеме, мүсіндер, каллиграфия, металл және қыш бұйымдар және т.б. жинақталған.
Стокгольмдегі Васа мұражайы
Васа мұражайы осы аттас Vasa кемесіне арналған. Бұл 17 ғасырдан бүгінгі күнге дейін сақталған кемені көрсететін жалғыз мұражай. Сондай-ақ, мұнда ағаш мүсіндер, жеке заттар, тұрмыстық заттар, мылтықтарды көруге болады.
Ескерту: Васа - 1625 жылы жасалған әскери кеме. Кеме тарихы 1625 жылы 16 қаңтарда Швеция королі Густав II Адольф голландиялық кеме жасаушы Хенрик Хуберцсонмен жаңа әскери кеме жасау туралы келісім-шартқа отырған кезде басталды. Бұл швед флотының ең маңызды нысаны болуы керек еді. Бірақ олай болмады, кеме суға шыққан алғашқы сапарында- ақ батып кетті.
Уффици галереясы, Флоренция, Италия
Әлемдегі ең көп баратын өнер мұражайларының бірі. Мұнда бірегей өнер туындылары жинақталған: орта ғасырлардан бүгінгі күнге дейінгі суретшілердің туындылары, тамаша сақталған антикварлық мүсіндер, гобелендер және миниатюралар. Уффици галереясының топтамалары Еуропадағы ең көне жинақтардың бірі болып саналады.
Басты көрмедегі туындылардың ішінде ірі шеберлердің жұмыстары бар:
- Джотто;
- Микеланджело;
- Рафаэлло;
- Леонардо да Винчи;
- Ботичелли;
- Тициан.