Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / АЭС: Референдум / АЭС – қауіпсіз әрі экологиялық таза шешім

АЭС – қауіпсіз әрі экологиялық таза шешім

АЭС: Референдум 08.09.2024, 10:36 1,506
АЭС – қауіпсіз әрі экологиялық таза шешім
Сурет ЖИ көмегімен салынды

 

Абай облыс әкімдігінде «SARAP» сараптамалық клубының өңірлік отырысы өтті. Шақырылған спикерлер Қазақстанда атом энергетикасын дамыту перспективалары туралы сөз қозғады.

Риззат ТАСЫМ, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Қазақстандық қоғамдық даму институтының қоғамдық мүдделерді зерттеу орталығының жетекшісі:

– Бүгін біз қызығушылық танытқан тараптардың өз пікірлерін еркін білдіруі үшін бейтарап алаң ұсынамыз. Президент атом электр станциясын (АЭС) салу бойынша жалпыұлттық референдумның өту күнін белгілеп берді. Осыған байланысты біз бұл саладағы профильді мамандарды шақырдық. Өздеріңіз білесіздер, бұл мәселеге байланысты эмоциялық фон әртүрлі болды. Біз, үшінші тарап ретінде, алаңымызда барлық пікірлер айтылсын дегенді қалаймыз. Басты мақсатымыз – шешімдер эмоцияға емес, білікті мамандардың нақты деректеріне сүйене отырып қабылдануы керек.

Көптеген қазақстандықтар жаңа нысан болашақта экономикаға, қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына зиян тигізеді деп алаңдаулы. Алайда, мамандардың алаңдаушылық тудыратын сұрақтарға нақты жауаптары бар. АЭС – қауіпсіз әрі экологиялық таза шешім деп санайды техника ғылымдарының кандидаты Денис Зарва.

Денис ЗАРВА, Ұлттық ядролық орталықтың бас инженерінің орынбасары, Курчатов қаласы, Абай облысы:

– Қазіргі қоғам атом энергетикасының және осы технологиялардың заманауи жағдайымен толық таныс емес. Қай жерде аздаған түсініспеушілік болса, сол жерде қорқыныштың да негізі болады. Қазақстан Республикасы атом энергетикасында жаңадан бастаушы емес. Білетіндеріңіздей, бізде Ақтауда алғашқы тәжірибелік өнеркәсіптік жылдам нейтрондар реакторы БН-350 ұзақ уақыт бойы сәтті жұмыс істеді. Қазіргі уақытта бізде үш ядролық зерттеу реакторы жұмыс істеп тұр. Екеуі Курчатов қаласында, Ұлттық ядролық орталықта, ал біреуі Алматы қаласында Ядролық физика институтында орналасқан. Біздің елде атом энергетикасын дамытуға барлық мүмкіндік бар. Қазір жеткізушілер ұсынған III және III+ буын реакторлық қондырғылар мүлдем қауіпсіз, және оларды пайдалану барысында ешқандай мәселе туындамайды.

Денис Зарва еліміздің ғылыми-техникалық әлеуетін жоғары бағалады. Оның айтуынша, атом саласында қазір 17 мың қазақстандық жұмыс істейді, сондықтан кадр тапшылығы болмауы тиіс.

Денис ЗАРВА, Ұлттық ядролық орталықтың бас инженерінің орынбасары, Курчатов қаласы, Абай облысы:

– Үкімет ғылыми-техникалық саладағы білім беруді дамыту бойынша нақты қадамдарды бастап кетті. МИФИ сияқты танымал университеттермен бірлескен кафедралар ашылуда. Қазірдің өзінде жоғары техникалық білім бар мамандар жеткілікті. Қандай реактор түрін таңдасақ та, кез келген жеткізуші өздерінің тренажерлерінде арнайы мамандандырылған дайындықты қамтамасыз етеді, сол арқылы мамандар нақты реактор түрімен жұмыс істеуге қабілетті болады.

Халықты АЭС-ті кім салатыны да алаңдатады. Қазіргі уақытта Корея, Қытай, Ресей және Франциядан компаниялар өз бастамаларын білдіріп отыр.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#«SARAP» #Атом энергетикасы #сарапшылар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика