Алматы қаласының Нұркент шағынауданында орналасқан Үстел теннисі орталығында мегаполис журналистері мен блогерлері арасында тартысты да белсенді турнир өтті, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Спорттық шараны Алматы қаласы әкімдігі Ішкі саясат басқармасының жанындағы Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырды.
Қаланың жетекші медиа өкілдері мен танымал инфлюенсерлерінен құралған 35-тен астам қатысушыны бір алаңға жинау оңай шаруа болған жоқ, дегенмен іс-шара басталған сәттен-ақ атмосфера қызыққа толы болды.

Алматы қаласы ӨКҚ жетекшісі Балслу Алекенова турнир қатысушыларына құттықтау сөзін жолдады. Ол Өңірлік коммуникациялар қызметі жыл сайын медиа қауымдастық үшін спорттық іс-шаралар өткізіп келе жатқанын атап өтті: мини-футбол, волейбол, боулинг және үстел теннисінен турнирлер жыл сайынғы дәстүрге айналды.
«Мұндай кездесулер достық қарым-қатынасты нығайтып, жақсы көңіл-күй сыйлайды және бір-бірімізбен емен-жарқын араласуға мүмкіндік береді»,- деді Балслу Алекенова турнирдің ашылуында.
Сайыс барлық талапқа сай ұйымдастырылды: төрешілікті Үстел теннисі орталығының жеті кәсіби жаттықтырушысы жүргізді.
Журналистердің бұл спорт түріне қызығушылығы жоғары - көптеген редакциялар кешкі уақытта корпоративтік жаттығулар өткізеді. Сондықтан жүлделер үшін тартыс өте қызу өтті.
Ұйымдастырушылар алты жүлделі орынды қарастырды: жеңімпаздарға екі бірінші, екі екінші және үш үшінші орын берілді.
Турнир жеңімпаздары:
1-орын: Еркебұлан Смаилов (ЦМА), Айнұр Байтуманова (NMG)
2-орын: Естай Божан («Алатау ақпарат»), Саят Шапағатов («Хабар» телеарнасы)
3-орын: Сымбат Байжокенов (31 арна), Асқарбек Қазанғап (31 арна)

Барлық жүлдегерлерге қаржылай сыйлықтар мен кубоктар табысталды, сондай-ақ әрбір қатысушыға алғыс хаттар ұсынылды. Спорттық күн фуршетпен қорытындыланып, қатысушылар бейресми атмосферада әңгімелесіп, ойыннан алған әсерлерімен бөлісті.
Турнир тағы бір рет алматылық медиа қауымдастығының тек жұмыс істеп қана қоймай, спорттық алаңда да белсенді демала алатынын көрсетті.