AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / АЭС: Референдум / АЭС: экономикалық және экологиялық артықшылықтар

АЭС: экономикалық және экологиялық артықшылықтар

АЭС: Референдум 22.09.2024, 12:56 1,441 Bakyt
АЭС: экономикалық және экологиялық артықшылықтар
aes2024.kz

АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб мүшелері Астана қаласындағы кәсіподақ қызметкерлерімен кездесу өткізді. Кездесуге «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС Атом энергетикасы бөлімінің жетекші инженері Асуан Сиябеков және ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешев қатысты, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Нұрлан Өтешев климаттың өзгеруі мен экологиялық жағдайдың нашарлауы мәселелеріне тоқталып, «жасыл» энергияға көшудің маңыздылығын атап өтті. Ол АЭС-тің жұмысшылардың және халықтың жағдайын жақсартуда үлкен мүмкіндіктері бар екенін баса айтты.

Асуан Сиябеков еліміздегі энергожүйенің қазіргі жағдайы мен АЭС салудың қажеттілігі туралы толыққанды ақпарат берді. Қазақстанның жылу электр стансаларының 70-80%-ы тозған, ал кейбір қалаларда бұл көрсеткіш 90%-ға жетіп отыр. Осыған байланысты жаңа энергия көздерін іске қосу қажеттігі туындауда.

Сонымен қатар, ол Қазақстанда 148 жаңартылатын энергия көздерінің нысаны жұмыс істеп тұрғанын айтты. Бірақ күн мен жел энергиясы ауа райына тәуелді болғандықтан, олардың тиімділігі төмен. АЭС-тің тиімділігі жоғары, 90%-ды құрайды, ал жел және күн электр станцияларының көрсеткіші айтарлықтай төмен – сәйкесінше 33-35% және 18%.

АЭС салу жерді үнемдеуге де мүмкіндік береді. Мысалы, 2,8 ГВт энергия алу үшін 8 ГВт-тық жел электр стансасы 4 мың гектарды, ал күн электр стансасы 28 мың гектар аумақты қажет етеді. Бұл дегеніміз, АЭС-тің тиімділігі жағынан әлдеқайда басым екендігін көрсетеді.

Қазақстанның уран өндірісі бойынша әлемдегі алдыңғы қатарлы ел екенін ескере отырып, Сиябеков атом энергетикасына көшудің қолайлы мүмкіндіктерін атады. Қазақстанда уран шикізаты жеткілікті және оны тиімді пайдалану керек.

Кездесу соңында кәсіподақ өкілдері АЭС салу бастамасын қолдады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#АЭС #Асуан Сиябеков #Жасыл энергия
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Астана ірі мәдени және мультимедиялық жобалар өтетін маңызды халықаралық алаңға айналып келеді» – көрме комиссары Ольга Риго

Бүгін 22:56

Аңыздар “тірілген” түн

Бүгін 21:36

Сөз зергеріне құрмет: Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойы аталып өтті

Бүгін 21:33

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);