Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / АЭС: Референдум / Талдықорғанда атом электр станциясының құрылысы та...

Талдықорғанда атом электр станциясының құрылысы талқыланды

АЭС: Референдум 22.09.2024, 12:51 1,393
Талдықорғанда атом электр станциясының құрылысы талқыланды
Сурет видео скрині

Халықтық штаб мүшелері Талдықорған қаласындағы Halyk Bank ұжымымен кездесті. Кездесу барысында атом электр станциясының (АЭС) құрылысы және оның ел экономикасына әкелетін пайдасы жан-жақты талқыланды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

АЭС бар мемлекеттер, әсіресе уран өндіру және ядролық отын өндірісі дамыған елдер, тек көмір немесе газға негізделген экономикаларға қарағанда әлдеқайда алға озған. Қазіргі уақытта әлемде АЭС-тің пайдасын көріп отырған көптеген мемлекеттер бар.

Жетісу облыстық мәслихат төрағасы Гүлнар Тойлыбаева АЭС қалдықтарының түріне және технологиясына байланысты сақталуы немесе қайта өңделуі мүмкін екенін атап өтті.

– АЭС жылына шамамен 80 кг радиоактивті қалдық шығарады. Бірақ, мысалы, пайдаланылған ядролық отын қалдық болып саналмайды, себебі оны қайтадан энергия көзі ретінде пайдалануға болады. Мұндай қалдықтар арнайы бөшкелерде сақталады, – деді ол.

Қазіргі уақытта әлем бойынша 415 ядролық энергетикалық реактор жұмыс істеп тұр, ал тағы 62-сі салыну үстінде. АЭС-тердің ең көп саны АҚШ-та – 94 реактор, Францияда – 56, Қытайда – 56, және Жапонияда – 12 реактор бар екені де кездесу барысында айтылды.

«AMANAT» партиясының Жетісу облыстық филиалының төрағасы Арыстанғали Арын АЭС құрылысының электр энергиясының тапшылығын азайтуға, тарифтердің өсуін тежеуге, экологияны жақсартуға және энергетикалық тәуелсіздікті қамтамасыз етуге көмектесетін сенімді әдіс екенін жеткізді.

– Көмір станцияларының экология мен адам денсаулығына теріс әсері бар, сондықтан АЭС бұл мәселелерді шешуге маңызды қадам, – деді Арыстанғали Арын.

Банк қызметкерлері атом электр станциясының қоршаған орта мен қоғамға тигізетін ықтимал зиянына алаңдаушылық білдірді. Өз кезегінде, штаб мүшелері атом энергетикасының қауіпсіздігі жаңа деңгейге көтерілгенін түсіндірді. III+ буын реакторлары қосымша қауіпсіздік мүмкіндіктерімен жабдықталған. Бұл технология станса қызметкерлерін эвакуациялау және электр қуатын өшіру жағдайында да жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#аманат #банк #АЭС
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика