ffin.kz

Адам папиллома вирусынан қалай қорғануға болады?

Адам папиллома вирусынан қалай қорғануға болады? almaty-akshamy.kz

Адам папиллома вирусы (АПВ) — 200-ден астам типі бар вирустар тобына жататын жұқпалы ауру. Вирус негізінен жыныстық қатынас арқылы жұғады, бірақ тұрмыстық жағдайларда да жұғу ықтималдығы жоғары.

Вирус көбіне өз белгілерін байқатпайды, сондықтан адамдар оның бар екенін білмей, басқаларға жұқтыруы мүмкін. Бұл вирустың кейбір түрлері қауіпті, өйткені олар жатыр мойны обыры сияқты онкологиялық ауруларға әкелуі мүмкін.

Вирус жұқтырған кезде ол өздігінен кетпей, жатыр мойны жасушаларына өзгерістер әкелуі мүмкін, рак алды қабынуларға, уақытылы емделмеген жағдайда жатыр мойны обырына әкелуі мүмкін. Инкубациялық кезең бірнеше айдан 10-15 жылға дейін созылуы мүмкін. Әсіресе 6, 11, 16, 18 типтері онкологиялық ауруларға әкелуі мүмкін.

АПВ-ның белгілері тері мен шырышты қабаттарда кішкентай өсінділердің, жыныс мүшелерінде үшкір кондиломалардың пайда болуымен көрінеді. Бұл вирустың әсері уақытылы емделмесе, жатыр мойны, анальдық тесік, ауыз қуысы, жыныстық мүше обырына әкелуі мүмкін.

Вирус жыныстық қатынас арқылы, тұрмыста жанасу кезінде және жүкті әйелден балаға жұғуы мүмкін.

Қазақстанда жатыр мойны обырының таралуы барлық жастағы әйелдердің арасында сүт безі обырынан кейінгі екінші орында тұр. Әсіресе 25-44 жас аралығындағы әйелдерде көп кездеседі. Жыл сайын 1900-ге жуық әйел жатыр мойны обырымен тіркеледі, 600-ден астам әйел осы кеселден қайтыс болады.

Аурудың алдын алу шаралары:
- Күмәнді адамдармен жыныстық қатынасқа түспеу.
- Иммунитетті нығайту, жыныстық ағзаларды таза ұстау, қабынуға жол бермеу.
- Әйелдерге жылына екі рет дәрігерге көрініп, тиісті зертханалық талдаулар тапсыру.
- Ең бастысы — вирусқа қарсы вакцинация алу.

Адам папиллома вирусына қарсы вакцина жатыр мойны обырынан қорғайды және әйелдің бала туу қабілетіне әсер етпейді. Бүгінде АПВ-ға қарсы вакцинация әлемнің 135 елінде, соның ішінде көршілес Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Ресейде де енгізілген. АПВ-ға қарсы вакцина өзінің қауіпсіздігі мен тиімділігін әлемдік деңгейде дәлелдеді.

Қазақстанда АПВ-ға қарсы вакцинация 11 жастағы қыздарға жүргізіледі, өйткені Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, 9-14 жас аралығында вакцинациялау барынша тиімді. Вакцина білім беру ұйымдарындағы егу кабинеттерінде тегін негізде қолжетімді. Вакцинация ата-ананың немесе қамқоршының келісімімен және дәрігердің тексеруінен кейін жүргізіледі.

Гардасил вакцинасымен жүргізілетін вакцинация екі рет, 6 айлық интервалмен орындалады. Сонымен қатар, бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің 2024 жылғы қаулысына сәйкес, 12-13 жастағы қыздарға қосымша вакцинациялау жүргізілетінін хабарлаймыз.

Құрметті ата-аналар! Бүгінгі таңда жасөспірім қыздарды АПВ-ға қарсы вакцинациялау туралы шешім қабылдай отырып, сіз оларды болашақта онкологиялық аурулардан қорғайсыз!

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:10

18:45

18:02

17:43

17:39

17:31

17:20

17:17

17:05

16:54

16:41

16:15

16:05

15:56

15:39

15:21

15:14

14:45

14:40

14:34

14:07

13:47

13:30

12:58

12:32