Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда креативті экономика бойынша халықаралық к...

Алматыда креативті экономика бойынша халықаралық конференция өтті

Әлеумет 03.10.2024, 10:39 958
Алматыда креативті экономика бойынша халықаралық конференция өтті
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Орталық Азияға сапары барысында креативті экономика жөніндегі Жаһандық кеңестің (Global Creative Economy Council) сарапшылары қазақстандық креативті индустрия өкілдерімен бірнеше кездесу өткізіп, стратегиялық сессиялар ұйымдастырды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

28 қыркүйекте "Бәрібаев 36" кеңістігінде Британ консулдығының ұйымдастыруымен және Almaty Tourism Bureau қолдауымен креативті экономика бойынша конференция өтті. 29 қыркүйекте Марков көшесі, 44 мекенжайындағы Almaty Creative креативті хабында хаб резиденттерімен кездесу ұйымдастырылды.

28 қыркүйектегі конференция мемлекет, бизнес және креативті индустрия өкілдерін біріктіріп, тәжірибе алмасу және өсудің мүмкіндіктерін іздестіруге бағытталды. 13 елден келген 15 халықаралық сарапшы өз зерттеулерін ұсынып, әлемнің түрлі аймақтарында, соның ішінде Африка, Азия және Латын Америкасында креативті экономиканы дамытудың сәтті жүзеге асқан мысалдарын атап өтті. Креативті индустриядағы жаңа үрдістер мен оларды енгізудің тәжірибелік жағына баса назар аударылды.

Kingston Creative компаниясының негізін қалаушы әрі атқарушы директоры Андреа Демпстер Чанг креативті кластерлерді интеграциялаудың мәдени туризмнің дамуына қалай ықпал ететінін түсіндірді. Ол туристерді мәдени және шығармашылық бастамалар арқылы тартудың маңыздылығын атап өтті. Креативті экономика жөніндегі Жаһандық кеңестің мүшесі, инновациялар жөніндегі сарапшы Джайрадж Машру конференцияда мәдениет пен шығармашылық саласын дамытуға арналған негізгі қадамдарды ұсынды.

"Біздің Алматыға сапарымыз шабыт берді. Болашақта жергілікті және жаһандық креативті индустрияны дамыту үшін үлкен әлеуетті көріп отырмыз", – деді Джайрадж Машру.

Өз кезегінде Almaty Tourism Bureau басшысы Камила Лұқпанова Қазақстанда креативті индустрияны дамытудың маңыздылығын атап өтіп, туризмді ілгерілетудегі жергілікті креаторлардың рөліне тоқталды. Оның айтуынша, креативті индустрия туризмнің ажырамас бөлігіне айналып, аймақтың экономикалық тұрғыдан өсуі мен мәдени алмасуына ықпал етуде.

29 қыркүйекте халықаралық сарапшылар Almaty Creative креативті хабының жұмысымен танысып, оның резиденттеріне өздерінің халықаралық тәжірибесін бөлісіп, креативті экономика саласындағы соңғы үрдістерді талқылады. Хаб резиденттері өз жобаларын ұсынып, идеялар алмасып, шетелдік меймандардың пікірін білді.

Іс-шара өткізудегі негізгі мақсат — халықаралық байланысты нығайту және Алматының Орталық Азиядағы креативті экономиканың орталығы ретіндегі мәртебесін растау.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #креативті экономика #конференция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Кеше 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Кеше 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Кеше 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика