Жыр алыбы - Жамбыл туралы жеті дерек
Жамбыл Жабаев – қазақтың суырыпсалма ақындық дәстүрінің аса көрнекті өкілі, жыр алыбы. 1846 жылы дүниеге келіп, ғасырдан аса ғұмыр кешкен ол бірнеше тарихи кезеңнің куәсі болды. Айтыс өнерінде де, эпикалық жыршылықта да дараланып, халықтың мұң-мұратын, ел тағдырын өлеңмен өрнектеді. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы «Ленинградтық өренім» жыры арқылы бүкіл елге рух берген ақынның мұрасы бүгінде қазақ руханиятының алтын қорына енген.