AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Тұлға / Жыр алыбы - Жамбыл туралы жеті дерек

Жыр алыбы - Жамбыл туралы жеті дерек

Тұлға 28.02.2026, 20:37 363 dulatbekova
Жыр алыбы - Жамбыл туралы жеті дерек
Сурет: Gov.kz

28 ақпан – Жамбыл Жабаевтың туған күні. Биыл жыр алыбының дүниеге келгеніне 180 жыл толып отыр. Бір ғасырдан астам ғұмыр кешіп, қазақ халқының қуанышы мен қайғысын, ел тағдырын, замана шындығын жырына қосқан ұлы ақынның есімі халық жадында мәңгі сақталады. Aqshamnews.kz тілшісі Жамбылдың өмірі мен шығармашылығына қатысты жеті маңызды дерек ұсынады.

1. Туған жерімен тағдырлас есім

Жамбыл 1846 жылы қазіргі Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының етегінде дүниеге келген. Оның есімі сол таудың атауымен байланысты қойылған. Ақын туған өлкесін ерекше сүйіп, өлеңдерінде жиі жырлаған.

2. Сүйінбайдың батасын алған шәкірт

Жамбыл жастайынан домбыраға әуес болып, ауыл ақындарының жырларын жаттап өскен. Ол атақты ақын Сүйінбай Аронұлының шәкірті болып, ақындық жолға сол кісінің батасымен түскен.

3. Айтыс өнеріндегі дара тұлға

Жамбыл XIX ғасырдың соңында-ақ айтыс алаңында танылды. Оның Құлмамбетпен айтысы арқылы суырыпсалма шеберлігі бүкіл қазақ даласына мәлім болды. Сонымен қатар ол батырлар жырын, аңыз-әпсаналарды жатқа айтқан эпик жыршы ретінде де танылды.

4. Ғасыр куәсі болған ақын

Жамбыл патшалық дәуірді де, кеңестік кезеңді де көрген тарихи тұлға. 1930 жылдары ол жаңа мазмұндағы жырлар жазып, еңбек адамын, ел бірлігін, Отанды жырға қосты. Кеңес дәуірінде «халық ақыны» атағына ие болды.

5. «Ленинградтық өренім» – рух берер жыр

Ұлы Отан соғысы жылдарында ақынның Ленинградтық өренім атты өлеңі кеңінен тарады. Бұл шығарма жауынгерлерге рух беріп, халықтың жүрегінен ерекше орын алды.

6. Жүз жасаған жыршы

Жамбыл 100 жасқа толғанда мерейтойы кең көлемде аталып өтті. Ол 1945 жылы жүз жасқа толуына жарты жыл қалғанда дүниеден өтті. Ғасыр жасаған ақын көзі тірісінде-ақ аңызға айналып, ел құрметіне бөленді.

7. Мәңгілік мұра

Бүгінде Жамбыл Жабаев музейі Тараз қаласында жұмыс істейді. Қазақстанда ақын есімімен аталатын елді мекендер, мектептер мен көшелер бар. Оның шығармалары түрлі тілдерге аударылып, мектеп оқулықтарына енген.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жамбыл Жабаев #деректер #Тұлға
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының Алатау ауданында Шәріпов көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Кеше 22:09

Мемлекет басшысы цифрландырудың елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыратын негізгі фактор екенін айтты

Кеше 20:14

Мемлекет басшысы Еуразиялық көлік дәліздерін цифрландырудың маңызын атап өтті

Кеше 20:06

Тоқаев ЕАЭО байланыстарын кеңейту туралы айтты

Кеше 20:03

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында сөйледі

Кеше 18:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);