Қаһарман тұлға: Бауыржан Момышұлы туралы көпшілік біле бермейтін деректер

Қаһарман тұлға: Бауыржан Момышұлы туралы көпшілік біле бермейтін деректер Сурет: Abai.kz

Бауыржан Момышұлы – қазақ халқының жауынгерлік рухын, батырлық болмысын және парасатты ойлау мәдениетін әлемге танытқан бірегей тұлға.  Aqshamnews.kz тілшісі батырдың өміріне қатысты көпшілік біле бермейтін және қызықты деректер топтамасы ұсынады.

1. Бауыржан Момышұлы 1910 жылғы 24 желтоқсанда Жамбыл облысы Жуалы ауданындағы Мыңбұлақ ауылында дүниеге келген.

2. Шыққан тегі – Дулат тайпасының Шымыр руы.

3. Анасы Рәзия ерте қайтыс болып, ол үш жасынан бастап әжесі Қызтумастың қолында тәрбиеленген.

4. Балалық шағында "Шаңтимес" деген лақап аты болған.

5. 1921 жылы Аса интернатындағы бастауыш мектепке оқуға түскен.

6. 1924 жылдан бастап Шымкенттегі өңірде алғаш ашылған жетіжылдық мектепте білім алған.

7. 1928 жылы мектепті үздік бітіріп, Орынбор қаласындағы Қазақ педагогикалық институтына оқуға түскен.

8. 1928-1930 жылдары бастауыш мектепте мұғалім болып жұмыс істеген.

9. Бір сыныпта әйгілі ақын Әбділда Тәжібаев және қоғам қайраткері Құрманбек Сағындықовпен бірге оқыған.

10. Бірнеше салада қызмет атқарып, аудандық атқару комитетінде жауапты хатшы, аудандық милицияда қызметкері де болған.

11. Қаржы саласына да жетік болып, Шымкент өнеркәсіп банкінде экономист қызметін атқарған.

12. 1932–1934 жылдары Қызыл Армия қатарында әскери қызмет өткерген.

13. 1933 жылы полк мектебін аяқтаған.

14. Ұлы Отан соғысына 1941 жылдың қыркүйек айынан бастап генерал-майор И.В. Панфилов басқарған әйгілі дивизия құрамында қатысқан.

15. Мәскеу үшін шайқас кезінде батальон командирі ретінде 207 рет ұрысқа қатысқан.

16. Соғыс жылдарында дивизия басқарған екі қазақтың бірі болған.

17. Кеңес дәуірінде Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атанған.

18. Қызыл Ту, Еңбек Қызыл Ту, Халықтар достығы, І дәрежелі Отан соғысы, екі мәрте Қызыл Жұлдыз, Құрмет белгісі ордендерімен марапатталған.

19. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін оған "Халық қаһарманы" атағы берілген.

20. Қазақ және орыс тілдерінде әскери-патриоттық бағыттағы көптеген шығармалар жазған.

21. "Ұшқан ұя", "Мәскеу үшін шайқас", "Жауынгердің тұлғасы" сияқты еңбектері бірнеше тілге аударылған.

22. Бауыржан Момышұлы бірнеше рет шаңырақ көтерген.

23. Алғашқы жары Бибіжамал Мұқанқызынан Бақытжан есімді ұлы дүниеге келген.

24. Ұлы Бақытжан да жазушылықпен айналысқан.

25. Екінші рет шаңырақ көтерген жұбайы - Вера Строева оның әдебиетке келуіне әсер еткен.

26. Клавдия Коркина есімді әйелінен Елена атты қызы туған.

27. Өмірінің соңын жұбайы - Бақытжамал Қалибекқызымен 13 жыл бірге өмір сүрген.

Еске салайық, бүгін даңқты қолбасшы, батыр  Бауыржан Момышұлының туғанына - 115 жыл. 

Батырдың өр мінезі мен ерлігі жайлы, қайсар мінезі жайлы оның жазған кітаптарынан-ақ білініп тұрады. Осы мінезіне қарап, Бауыржандай нар тұлғалы, өжет мінезді батыр болсын деген ниетпен батырдың аты қойылған қазақстандықтар аз емес.

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, Қазақстанда 43482  "Бауыржан" есімді азамат бар.  Бюро мәліметінше, одан бөлек, 16820 адамның құжатында "Бауржан" деп жазылса, 15 қазақстандық "Баурджан" деп көрсетілген.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

16:29

16:24

16:15

16:03

15:46

15:35

15:26

15:05

14:59

14:55

14:44

14:35

14:20

12:58

12:33

12:05

11:58

11:37

11:20

11:19

11:15

11:10

11:10

11:00

10:45