Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Тұлға / Билікте жүріп байымаған басшы: Дінмұхаммед Қонаевт...

Билікте жүріп байымаған басшы: Дінмұхаммед Қонаевтың беймәлім қырлары

Тұлға 12.01.2026, 10:05 401
Билікте жүріп байымаған басшы: Дінмұхаммед Қонаевтың  беймәлім қырлары
интернеттен
Бүгін – кеңестік мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік еңбек ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы, Кеңес дәуірінде ең биік саяси лауазымға ие болған алғашқы қазақ Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевтың туған күні.
 
Кеңес дәуірінде ондаған жыл бойы биліктің ең жоғарғы сатысында отырған Дінмұхаммед Қонаевтың аты байлықпен емес, қарапайымдылықпен аталады. Ол жоғары лауазым иесі бола тұра, өмірінің соңында да халықпен бірге қарапайым тіршілік кешті. Бұл материалда Қонаевтың ресми өмірбаянында көп айтыла бермейтін, бірақ оның тұлғасын тереңірек танытатын деректер топтастырылды.
 
Қарапайым өмір салты –  саналы таңдау
 
 
Дінмұхаммед Қонаев қызметте жүрген кезінде мемлекеттік дачада тұрса да, қызметтен кеткен соң сол үйден бас тартып, Алматыдағы шағын пәтерде өмір сүрген.
Оның жеке меншігінде қымбат көлік, вилла немесе шетелдегі мүлік болмаған.
Замандастарының айтуынша, үйіндегі жиһаз да аса қарапайым болған, сән-салтанатқа қызықпаған.
 
«Билік –  уақытша, ал халықтың сенімі – мәңгі», деген сөз Қонаевтың өмірлік ұстанымын сипаттайды.
 
Жеке бақылау: бәрін көзімен көрген басшы
 
Қонаев қағаздағы есепке ғана сенбеген.
Кеніштерге, ауылдарға, зауыттарға күтпеген уақытта барып, жағдайды өз көзімен көрген.
Осы мінезі үшін кейбір шенеуніктер одан сескеніп, ал қарапайым жұмысшылар ерекше құрметтеген.
 
Қарапайым еңбек адамымен еркін сөйлесіп, оның мәселесін тікелей тыңдай білген.
 
Қатаң, бірақ кек сақтамаған
 
 
Қонаев талапшыл басшы болған.
Алайда қызметтен алған адамға өмір бойы өшікпеген, кейін қайта жұмысқа оралуына мүмкіндік берген жағдайлар да кездескен.
Ол үшін басты өлшем –  адалдық пен кәсібилік.
 
Қазақ кадрларын өсірген тұлға
 
 
Бұл –  Қонаевтың тарихи рөліндегі ең маңызды бағыттардың бірі.
 
Оның тұсында:
Қазақтан шыққан инженерлер, ғалымдар, дәрігерлер көбейді
Республикада жүздеген қазақ мектебі мен ЖОО ашылды
Басшылық қызметтерге жергілікті мамандар тартылды
 
Кейін тәуелсіз Қазақстанды басқарған көптеген тұлғалар Қонаев мектебінен өткен.
 
Жеке трагедиясы
 
 
Қонаев пен жары Зухра Шәріпқызының баласы болмаған.
Бұл –  оның өміріндегі ең үлкен жеке қайғысы.
Соған қарамастан, ол бұл тақырыпты көпшілікке жария етпей, жеке мұңын ел ісіне араластырмаған.
 
Халық неге оны әлі күнге дейін сағынады?
 
Себеп біреу ғана емес:
 
Әлеуметтік тұрақтылық
Жұмыс пен білімге қолжетімділік
Басшы мен халық арасындағы алшақтықтың аздығы
 Ұлттық мүддені мүмкіндігінше қорғауы
 
Сондықтан халық жадында Қонаев қатаң саясаткер емес, әділ басшы ретінде қалды.

Қызықты ақпараттар:

Дінмұхамед Қонаев –  ССРО да ең биік саяси лауазымға ие болған алғашқы қазақ.

Ол ССРО-ның ішкі және сыртқы саясатын басқаратын 15 мүшелік политбюро мүшесі болған.

Отбасында 11 баланың 4-іншісі.

Бойы - 198 см. 46 өлшемдегі аяқ киім киген.

Хоббиі: қару-жарақ коллекциялаған, аңшылықты ұнатқан.

Қонаевтың жеке күзетшілері болмаған.

Басқалар жеке күзетшімен жүргенде, Қонаев жай ғана таңертең жұмысына жаяу барып келіп жүрген. Академик шені үшін 340 рубльдік төлемақыдан бас тартқан.

Шағын пәтерінде (қазір мұражай) 24 жыл өмір сүрген, пәтердің ауданы 200 кв.м

Кезінде Леонид Брежнев (ССРО басшысы) Алматыға бірінші рет келіп, Қонаевтың үйінде қонақта болады, пәтерін аралап көріп: "Бар дүниең осы ма?"- деп таңданыпты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Дінмұхамед Қонаев
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Сенатор Бибігүл Жексенбай референдум қарсаңында "Қазатомөнеркәсіп" ұжымымен кездесті

Бүгін 08:51

Дәрігер адамның жүрісі психикалық жағдайға қалай әсер ететінін түсіндірді

Кеше 17:31

Алматыда терроризмді насихаттау және жалған хабарлама үшін жауаптылық еске салынды

Кеше 17:14

Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған салтанатты концерт өтті

Кеше 17:14

Алматыда «Жасыл болашақ» жобасы басталды

Кеше 17:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі