AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Тұлға / Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 95 жыл: композитор жай...

Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 95 жыл: композитор жайлы жұрт білмейтін деректер

Тұлға 15.08.2025, 12:41 2,024 Дина
Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 95 жыл: композитор жайлы жұрт білмейтін деректер
Сурет: ашық дереккөз

Бүгін, 15 тамыз - Қазақстанның халық әртісі, "қазақ вальсінің королі", композитор Шәмші Қалдаяқовтың туған күні. Биыл сазгердің туғанына 95 жыл толып отыр. Айтулы датаға орай композитор жайлы қызық деректерді ұсынамыз. Аqshamnews.kz тілшісінің материалынан оқыңыз. 

Шәмшінің шын есімі...

Композитордың туғанда азан шақырып қойған есімі – Жәмшид. Бірақ бәрі оны Шәмші атап кетіп, кейіннен құжатқа да осы аты жазылған. 

"Жігіттің жақсысы нағашынан"

Шәмші Қалдаяқов өнерлі отбасында туған. Әкесі он саусағынан өнер тамған ұста болса, анасы ән шырқағанда жиылған жұрт көзін жұмып, аузын ашатын көрінеді. Әкесінің ақындығы да болған. Шәмшінің өзі бала күнінен мандолинде ойнаған. Сазгерлік қабілет оның бойына нағашыларынан дарыған. 

Шәмші - зоотехник

Соғыс жылдарында болашақ композитор трактор тізгіндеп еңбек етті. Кейін Қапланбек зооветеринария техникумына оқуға түсіп, оны бітірген соң Ақтөбеде зоотехник болып 8 ай қызмет істеген. 

Шәмшінің соғыстан кейінгі ашаршылық жылдарында жасаған игі ісі туралы ел ішінде көптеген аңыз айтылады. Ол "жағдай түзелгенде қайтарарсыңдар" деп, есептегі отардың бір бөлігін аш-жалаңаш отырған адамдарға үлестірген екен. Осы қадамы талай жанның өмірін сақтап қалды. Алайда бұл әрекеті үшін жазаға тартыла жаздап, тек халықтың түгелдей араша түсуінің арқасында аман қалған. Әйтпесе оның тағдыры қалай болары беймәлім еді.

"Менің Қазақстаным" гимнінің авторы

26 жасында Шәмші Қалдаяқов 21 жастағы ақын Жұмекен Нәжімеденовтің өлеңіне бүгінгі мемлекеттік Әнұранымыз – "Менің Қазақстаным" әнін жазды. Ал 2006 жылдың қаңтарында бұл патриоттық туынды ресми түрде Қазақстанның гимні болып қабылданды.

"Құдайский ән" 

Қалдаяқовтың ең жиі айтатын сөздерінің бірі - "құдайский ән". Ол сәтті ән жазса, жолдастарына "мен бүгін құдайский ән жаздым" дейтін болған екен. 

Мойындалмаған тұлға

Өкінішке қарай, Шәмші Қалдаяқов көзі тірісінде Композиторлар одағының мүшесі бола алмады. Мәскеу оның кандидатурасын үш мәрте кері қайтарып, себеп ретінде консерваториялық білімі жоғын алға тартқан. Бұл мәртебе композиторға тек ол дүниеден өткеннен кейін, тәуелсіздік жылдары берілді. Ал Халық әртісі атағы өмірінің соңғы кезеңінде, төсек тартып жатқан шағында, қайтыс боларына екі ай қалғанда табыс етілді.

"Менің үйімде сырмақ та жоқ, дүние жиған адам емеспін"

Шәмші Қалдаяқов дүниеге қызықпаған адам. Ол өзінің бір сөзінде "дүние жинасам, баяғыда миллионер болып кететін адаммын ғой" деген еді. 

Әке жолын қуған ұрпақ

Шәмшінің жары – Жәмила Қалдаяқова. Екі ұлы да музыка жолын таңдаған: тұңғышы Мұхтар – Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында дирижер, ал кенжесі Шалқар Шәмшіұлы – пианист.

Сазгердің көзі тірісінде айтқан алғысы

Шәмші Жетісайдағы музыкалық учлищені өз атына бергеніне алғыс білдіріп, көзіне жас алған еді. Сазгердің мұрағаттағы бұл видеосы кейіннен желіде тарады. 

"Жетісайдағы мәдени-ағарту училищесіне менің атымды бергендеріңізге үлкен рақмет. Көңілшек адаммын да..." деп композитор көз жасына ерік береді.

Шәмші есімі ел есінде

1992 жылдан бастап сазгерлер мен әншілер үшін Қалдаяқов атындағы халықаралық байқау-фестиваль дәстүрлі түрде өткізіліп тұрады. Шымкент қаласында облыстық филармония, бір көше, Алматы қаласында бір көше, композитор туған өлке – Шәуілдір ауылындағы музыка мектебі – Қалдаяқов есімімен аталады. 
 
1991 жылы Қалдаяқов жайлы ғұмырнамалық "Жылдарым менің, жырларым менің" (реж. Т.Ахметов) деген деректі телефильм түсірілді. "Шәмші ғұмыр" естеліктер мен мақалалар жинағы жарық көрді (2002). Сондай-ақ, 2017 жылы Қалдаяқов туралы 8 сериялы "Ән аға" атты телесериал жарық көрді. 
 
Телеграм арнаға жазылыңыз
#Шәмші Қалдаяқов #композитор
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Туған күнін тойламайтын Тоқаев

Бүгін 09:30

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);