Алматының қуыршақ театры ашық аспан астында әз-Наурыз қойылымын ұсынды
Алматыдағы Жібек жолы – Панфилов жүргіншілер аймағы алаңында Алматы мемлекеттік академиялық қуыршақ театры Наурызға арналған қойылым ұсынып, балаларды ертегі әлеміне жетеледі. Ашық аспан астындағы бұл шара ұлттық құндылықтарды насихаттап, көрермендерге ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлады.