Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / Ұлттық киім күніне тарту: Мемлекеттік қуыршақ теат...

Ұлттық киім күніне тарту: Мемлекеттік қуыршақ театры ерекше бағдарлама ұсынды

Мәдени Алматы 18.03.2025, 15:54 709
Ұлттық киім күніне тарту: Мемлекеттік қуыршақ театры ерекше бағдарлама ұсынды
Сурет: Alatau Aqparat

Бүгін, 18 наурыз – «Наурызнама онкүндігіндегі» Ұлттық киім күні. Мемлекеттік қуыршақ театры бұл ерекше күнге орай жас көрермендерге тартымды мәдени бағдарлама ұсынды. Халқымыздың ұлттық киімі мен дәстүрін, қолөнері мен мәдениетін насихаттаудың мұндай әдісі көрерменнің көңілінен шықты. 

Театр залында «Ұлттық киім – ұлттық мұра» атты көрме ашылып, ұлттық киім үлгілері, ұлттық нақыштағы қуыршақтар мен сәндік әшекейлер ұсынылды. Басты мақсаты жас ұрпақтың ұлттық құндылықтарға  қызығушылығын арттырып, мәдени мұраға деген құрметін жоғарлатуды көздейді. Балалар халқымыздың сәндік өнерімен, дәстүрлі ою-өрнектерімен танысып, ұлттық киімдердің ерекшелігін тамашалады.

«Наурыз құпиясы» – танымдық спектакль

Ерекше көрмемен қатар театр өзінің жас көрермендеріне «Наурыз құпиясы» атты қойылым ұсынды. Бұл спектакль Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бекіткен «Наурызнама» тұжырымдамасы негізінде әзірленген. Онда мифологиялық кейіпкерлер – Қыдыр ата, Күн мен Түн, сондай-ақ шығыс күнтізбесіндегі жыл иелерінің образы сомдалды. Жарқын образдар, қызықты сюжет пен интерактивті элементтер балалар үшін ерекше әсерлі әрі танымдық мәнге ие болды.


Бүгінгі мерекеге арнайы «Жыл, он екі ай» қойылымын сахналадық. Әр кейіпкердің ерекшелігін ашып, көрерменге түсінікті әрі тартымды етіп жеткізуге тырыстық. Балаларға қызықты әрі жеңіл қабылданатын қойылым әзірледік деп ойлаймын, – дейді спектакль жайында қойылым режиссері әрі театр әртісі Шохан Құлназаров.

Мемлекеттік қуыршақ театрының Ұлттық киім күніне арнаған  мәдени шарасы жеткіншек көрерменге халқымыздың бай рухани әлеміне тереңірек сүңгіп, мол әсер алуына мүмкіндік берді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ұлттық киім күні #Алматы #Қуыршақ театры
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Referendum2026: Әлеуметтік желіде жаңа Конституцияны қолдағандар саны 88 мыңнан асты

Бүгін 17:01

Михаил Шайдоровтың тарихи костюмі Олимпиада мұражайына қойылды

Бүгін 16:15

Франсис Пуленктің «Адам дауысы» монооперасы тұңғыш рет қазақ тілінде сахналанды

Бүгін 15:42

Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?

Бүгін 15:18

Кунг-фу панда бейнесі: Джеки Чан Шайдоровтың өнеріне сүйсінді

Бүгін 14:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі