AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Қайта құру, жалақының артуы және шетелде біліктілі...

Қайта құру, жалақының артуы және шетелде біліктілікті арттыру: Алматы қуыршақ театрының дамуындағы жаңа кезең

Барлығы 05.02.2025, 16:19 716 dulatbekova
Қайта құру, жалақының артуы және шетелде біліктілікті арттыру: Алматы қуыршақ театрының дамуындағы жаңа кезең
Cурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматыдағы Мемлекеттік қуыршақ театры қызметкерлерінің жалақысы 30%-ға өсті, ал 16 маман Канада, Ресей және Қырғызстанның жетекші театр мектептерінде біліктілігін арттырды.

 Сондай-ақ, 15 қызметкер мемлекеттік бағдарлама аясында баспаналы болды. Бұл шаралар театр труппасының кәсіби деңгейін көтеруге және оның халықаралық аренадағы беделін нығайтуға бағытталған. Бұл туралы театр директоры Алмат Амангелді Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Мемлекеттік қуыршақ театры – талантты әртістер мен мамандар үшін жаңа мүмкіндіктер алаңы. 2024 жылы 16 театр қызметкері Канада, Ресей және Қырғызстанда біліктілігін жетілдіріп, озық тәжірибелерді меңгерді.

«Біз театрдың ең басты құндылығы – ондағы адамдар деп білеміз. Театр қызметкерлерінің кәсібилік деңгейі қаншалықты жоғары болса, біздің қойылымдарымыз да соншалықты сапалы әрі әсерлі болмақ», – деді Алмат Амангелді.

Театр қызметкерлерінің жалақысының 30%-ға өсуі – мәдениет саласындағы мекемелер үшін айтарлықтай жетістік. Сондай-ақ, 15 қызметкер мемлекеттік бағдарлама аясында тұрғын үймен қамтылды.

2023-2024 жылдары театр ғимараты ауқымды жаңғыртудан өтті. Сахна, көрермен залы, грим бөлмелері мен гардеробтар толықтай жаңартылып, заманауи дыбыс, жарық және сахналық технологиялар орнатылды. 2024 жылы театр фойесінің қайта жөндеуден өтуі аяқталып, LED-экран мен жаңа жиһаз қойылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Қуыршақ театры #жаңа кезең
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Іле Алатауы ұлттық паркіне – 30 жыл: тау экожүйелерін сақтау мәселесі халықаралық деңгейде талқыланды

Бүгін 22:31

Елзат Ескендірдің «Әбілі»: өтпелі кезеңнің көркем келбеті

Бүгін 21:33

«Вечерний Алматы» газетінің шығармашылық ұжымына Президенттің БАҚ саласындағы Алғысы берілді

Бүгін 18:46

Шанхай тарихи музейінде «Дәстүр сабақтастығы: ата-баба мұрасы» көрмесі ашылады

Бүгін 18:31

Алматыда заңсыз қоқыс үйінділерімен күресуге арналған цифрлық платформа таныстырылды

Бүгін 18:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);