Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы қуыршақ театры 90-маусымын “Ортеке” спектак...

Алматы қуыршақ театры 90-маусымын “Ортеке” спектаклінің премьерасымен ашпақ

Барлығы 06.09.2025, 15:54 857
Алматы қуыршақ театры 90-маусымын “Ортеке” спектаклінің премьерасымен ашпақ
сурет: Қуыршақ театрының баспасөзінен

1935 жылы қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтың бастамасымен негізі қаланған Республиканың тұңғыш қуыршақ театры биыл 90 жылдық мерейлі белесін атап өтуде. Қазақ сахна өнерінің ерекше саласы саналатын бұл өнер ордасы талай буынның балалық шағына шаттық сыйлап, ұлттық мәдениеттің дамуына өлшеусіз үлес қосты. Тоқсан жылдық тарихында театр көркемдік ізденістер мен шығармашылық жетістіктерге толы жолды еңсерді.

Өнер ордасы ағымдағы жылдың 10 қыркүйек күні, сағат 14.00-де мерейлі 90-шы маусымының шымылдығын түрмек. Театрдың жаңа маусымашары аясында көрермен назарына қазақ ұлттық қуыршақ өнерінің рухы мен маңызын дәріптейтін «Ортеке» спектаклінің премьерасыұсынылады. Қойылым режиссері – Григорий Лайко. Сонымен қатар, қуыршақ театрының 90 жылдық тарихын тоғыстырған тарихи-танымдық кітаптың тұсаукесері және жәдігер қуыршақтар мен театр жетістіктеріне арналған театр қабырғасынан тұңғыш рет театр музейінің ашылуы өтеді.

90 жылдық тарихқа ие Қуыршақ театры үшін халқымыздың көне замандардан бүгінгі күнге жеткен киелі өнерін, салт-дәстүрін, ұлттық киімдері мен музыкалық аспаптарын және халық ауыз әдебиетінің әйгілі кейіпкерлерін жаңашыл бағытта таныстыруды көздейтін «Ортеке» спектаклі – көрермендерді бейжай қалдырмасы анық. Бүлдіршіндермен интерактивті байланыс, тебірентерлік әндер мен күйлер, зор ықыласпен жасалған айрықша қуыршақтар жаңа туындыныңайрықша тұсы болмақ. Сюжет желісі бойынша халқымыздың өнерпаз тұлғалары жиналған қауымға ортеке өнерінің ерекшелігі турасында сыр шертіп, көрермендермен бірге аңыздар мен ертегілер әлеміне сапар шегеді.

Маусым ашылуы мерекесінің маңызды іс-шарасының бірі – қуыршақ театрының 90 жылдық мерейтойы аясында архивтік материалдардан бастап,  бүгінгі шығармашылық тынысына дейінгі аралық қамтылған  тарихи-танымдық «Тамыры терең театр: 90 жылдың ізімен» кітабының тұсаукесері болмақ. Ғасырға жуық уақыт көлеміндегі тарихты қамтитын аталмыш еңбек театр саласының зерттеушілеріне, болашақ мамандарына, келер ұрпаққа маңызды мұра болмақ. Кітаптың құрастырушы авторы әрі редакторы – Гүлім Көпбайқызы.  

«Архивтік материалдар арқылы театрдың өсу-өркендеу жолы зерттеліп, кезеңдік қойылымдар мен актерлік, режиссерлік жетістіктері хақында ой өрбітілді», – деп атап өтті автор.

Сонымен қатар, тархы терең өнер мекенінің жәдігер қуыршақтары, әйгілі өнер жұлдыздары бейнесіндегі қуыршақтар, спектакль эскиздері мен тарихи фотосуреттер қамтылған музейдің ресми ашылуы өткізіледі.

Мерейлі 90-шы маусымның ашылуы – қуыршақ театры үшін үлкен мереке әрі ұлт руханиятының өткенін ұлықтап, болашағына бағыт сілтейтін тағылымды оқиға болмақ. Қуыршақ өнері арқылы халқымыздың тарихы мен салт-дәстүрі, ұлттық болмысы жаңа қырынан жарқырай түсіп, көрермен жүрегіне жол табары сөзсіз.

Өнер сүйер қауым мен бүлдіршіндерді қуыршақ театры асыға күтеді!

Маусымашар бағдарламасы: 

14.00 – Баспасөз конференциясы, «Тамыры терең театр: 90 жылдың ізімен» кітабының тұсаукесері

14.30 – тарихи жәдігер қуыршақтар мен театр жетістіктеріне арналған тұңғыш музейдің ашылуы

15.00 – «Ортеке» (режиссері: Г. Лайко)спектаклінің премьерасы

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қуыршақ театры
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақ қызы Бангкок төрінде бас жүлде жеңіп алды

Бүгін 15:22

Алматылық спортшылар үстел теннисінен Қазақстан чемпионатында жеңімпаз атанды

Бүгін 15:17

Алматыда Жароков көшесінің бір бөлігінде жол жабынын қалпына келтіру жұмыстары басталады

Бүгін 15:15

Алматыда 380 мың шаршы метрден астам аумаққа гүл егіледі

Бүгін 15:13

Тоқаев паралимпиада чемпионы Ербол Хамитовты “Барыс” орденімен марапаттады

Бүгін 14:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика