AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыдағы қуыршақ театры рекорд жаңартты: бір жыл...

Алматыдағы қуыршақ театры рекорд жаңартты: бір жылда қойылымдар мен көрермендер саны екі есе артты

Барлығы 05.02.2025, 15:51 845 dulatbekova
Алматыдағы қуыршақ театры рекорд жаңартты: бір жылда қойылымдар мен көрермендер саны екі есе артты
Сурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

2024 жылы Алматы қаласының мемлекеттік қуыршақ театры 1390 қойылым ұсынып, 92 мың көрермен тамашалады

Алдыңғы жылы Қазақстанның Мемлекеттік қуыршақ театрында 1390 қойылым көрсетіліп, оларды 92 мың көрермен тамашалады, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Бұл соңғы жылдардағы ең жоғары көрсеткіш болды. Билеттерден түскен табыс та тарихи деңгейге жетіп, 80,8 млн теңгені құрады. Бұл туралы театр директоры Алмат Амангелді Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифингте мәлімдеді.

Өткен жыл Мемлекеттік қуыршақ театры үшін нағыз серпінді кезең болды. Қойылымдар саны 2023 жылмен салыстырғанда 200-ге артса, көрермендер саны 8800 адамға өсті. Бұл көрсеткіштер қазақстандықтардың қуыршақ театрына және оның қойылымдарына деген қызығушылығының артып келе жатқанын көрсетеді.  

Салыстырмалы түрде алсақ, 2019 жылы театр бар болғаны 703 қойылым көрсетіп, 53 мыңнан аз көрермен жинаған еді – бұл 2024 жылғы көрсеткіштен екі есе аз.

«Бұл жылы біз керемет нәтижелерге қол жеткіздік. Қазақстанның қуыршақ театры дәстүрлерді сақтап қана қоймай, инновациялар енгізіп, репертуарын кеңейтіп, халықаралық деңгейге де белсенді түрде шығып жатыр», – деп атап өтті Алмат Амангелді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Қуыршақ театры #рекорд жаңарту
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 300 шақырым жерде жер сілкінісі болды

Бүгін 14:38

Жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен 25 жастағы алматылық өлі табылды

Бүгін 11:27

Үш адамның өмірін қиған Әл-Фараби даңғылындағы апат бойынша бірнеше қылмыстық іс қозғалды

Бүгін 10:28

Күн ақырындап жылиды: 24 мамырға арналған ауа райы болжамы қандай?

Бүгін 09:05

Талдықорғанда «Biken Fest» IV халықаралық театр фестивалі өтеді

Кеше 19:09
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);