AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / Қуыршақ театры Алматы күніне орай қала тұрғындарын...

Қуыршақ театры Алматы күніне орай қала тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлады

Мәдени Алматы Бүгін 18:15 50
Қуыршақ театры Алматы күніне орай қала тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлады

Мемлекеттік академиялық қуыршақ театры Алматы қаласының туған күніне орай қала тұрғындары мен қонақтарына бойлы қуыршақтардың, әйгілі ертегі кейіпкерлерінің, көңілді клоундардың қатысуымен мерекелік шеру өткізді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алатаудың бөктерінде орналасқан әсем шаһардың орталығында өткен бұл шара театр өнерін қала кеңістігіне шығарып, мерекелік күнге ертегі мазмұнын қосты.

Шеру шаһардың көрікті орталықтарының бірі – Панфилов бульварының бойымен жүріп өтіп, жарқын кейіпкерлер көшені мерекелік кеңістікке айналдырып, қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше әсер сыйлады. Кішкентай бүлдіршіндер қызықты интерактивті ойындарға қатысып қана қоймай, көңілді флешмоб билеп, сүйікті ертегі кейіпкерлерімен естелік фотосуреттерге түсті.

Шерумен басталған мерекелік іс-шара Арбат алаңында қуыршақтардың қатысуымен концерттік бағдарлама ұласты. Қуыршақ театры ұсынған мерекелік шеру мен концерттік бағдарлама Алматының мәдени келбетін айшықтап, театр өнерінің көрерменге жақын әрі қолжетімді бола алатынын көрсетті.

Қала күніне арналған мерекелік шеру мен концерттік бағдарлама 20 қыркүйек күні де көпшілік қауымға ұсынылатын болады. Алматы қаласының осы бір маңызды күні қызықты да көңілді іс-шараларынан қапы қалмаңыздар.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қуыршақ театры
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астанада «Қазақы тазы» монотұқымдық көрмесі өтті

Бүгін 17:57

Алматыда Қала күніне орай алма жәрмеңкесі өтіп жатыр

Бүгін 17:38

Қала күніне орай Алматының бірнеше алаңында көрмелер өтіп жатыр

Бүгін 17:33

Үкіметте Ұлттық білім беру деректер қорын жаңғырту барысы қаралды

Бүгін 17:01

Қазақфильмдегі жәрмеңке жаңарып, қайта ашылды

Бүгін 16:28
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);