AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / Алматының қуыршақ театры ашық аспан астында әз-Нау...

Алматының қуыршақ театры ашық аспан астында әз-Наурыз қойылымын ұсынды

Мәдени Алматы 23.03.2026, 17:20 311 dulatbekova
Алматының қуыршақ театры ашық аспан астында әз-Наурыз қойылымын ұсынды

Мегаполис халқы мен меймандары Наурыз мейрамының сән-салтанатын әлі тамашалауда.

Бүгін Жібек жолы - Панфилов жүргіншілер аймағында Алматы мемлекеттік қуыршақ театрының өнер ұжымы "Жақсылықтың жаршысы - әз-Наурыз” атты ойын-сауық бағдарламасын ұсынды.

Онда бойлы қуыршақтар, жіпке ілінген марионеткалар, айрықша образдағы таяқ қуыршақтар өнер көрсетті. Сөйтіп ашық аспан астындағы мерекелік қойылымда кішкентай көрермендеріміз халық ертегілерінде жиі кездесетін ұлттық кейіпкерлерімізбен қауышты.

Дала сахнасының шымылдығы алғаш ашылған сәтте балалар бір сәт тынышталып қалды. Ал қуыршақтар қозғалып, сөйлей бастағанда-ақ олар ертегі әлеміне сүңгіп кете барды. Әзіл-қалжыңға құрылған сәттерде олардың сыңғырлаған таза күлкісі жанды жадыратты.

*”Біздің бағдарламамыз балалар мен отбасылық аудиторияға бағытталды. Қуыршақтар арқылы ұлттық кейіпкерлерді заманауи форматта насихаттауды, сол арқылы балалардың эстетикалық талғамын қалыптастыруды және отбасылық мәдени демалысты дамытуды көздедік", – дейді Алматы мемлекеттік академиялық қуыршақ театрының директоры Алмат Амангелді.*

Шығармашылық ұжым рухани құндылық, қазақы болмыс, ұлттық салт-дәстүрді қуыршақтар арқылы бала таным-түсінігіне лайықтап жеткізе білді

*”Балалар үшін мұндай ашық алаңдағы қойылымдар өте қызықты. Қуыршақтар арқылы Наурыз мейрамының осылай дәріптелуі ерекше әсер қалдырды. Қуыршақ театры балалардың қиялын дамытып, жүрегін мейірімге толтырып, оларды достыққа, адамгершілікке баулиды”, - дейді қала тұрғыны Айша Қасымова.*

Балалар үшін бұл шаттық пен шабыт әлеміне сапар болса, ересектер бір сәт балалық шағын еске алғаны сөзсіз.

Нұржамал ӘЛІШ

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Қуыршақ театры
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Енді елімізде электрсамокат айдау үшін жүргізуші куәлігі міндеттелмек

Бүгін 17:53

Алматыда көлік жобасы үшін жер телімінің бір бөлігі мемлекетке беріледі

Бүгін 16:57

Алматыда Рысқұлов көшесін ұзарту үшін жер телімдері мемлекет қажетіне алынады

Бүгін 16:52

Шекарашы сарбаздар ант қабылдады

Бүгін 16:36

Жамбыл облысында кене шаққан ер адам қауіпті безгектен қайтыс болды

Бүгін 15:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);