Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Қуыршақ театры «Мен кіммін?» спектаклінің премьера...

Қуыршақ театры «Мен кіммін?» спектаклінің премьерасын ұсынбақ

Мәдениет 01.12.2025, 12:28 340
Қуыршақ театры «Мен кіммін?» спектаклінің премьерасын ұсынбақ
сурет: Мемлекеттік қуыршақ театрынан

Ағымдағы жылдың 4 желтоқсан күні сағат 14.00-де Мемлекеттік қуыршақ театры ересектерге арналған философиялық астары терең, адам жанының құпия әлемін бейнелейтін «Мен кіммін?» спектаклінің премьерасын көрермен назарына ұсынбақ. Қоғамдағы рухани жалғыздық, адамдық келбетті жоғалту, өз-өзімен арпалысу секілді маңызды тақырыптарды қозғайтын спектакль қуыршақ өнерінің мүмкіндіктері арқылы жаңа қырынан ашылады.

Көркемдік шешімі мен идеялық мазмұны терең бұл туынды адамның жан дүниеcіндегі қарама-қайшылықтарды, сенім мен күдік арасындағы күресті, адам табиғатының әлсіздігі мен қуатын символдық бейнелер арқылы жеткізеді. Басты кейіпкердің ішкі жан айқайы, қоғаммен үйлесе алмауы және өзін-өзі тануға ұмтылысы көрерменді терең ойға жетелейді.

Спектакльдің режиссері – әлемдік қуыршақ театры өнерінде өзіндік қолтаңбасы қалыптасқан, Гүржістан елінен арнайы шақыртылған суреткер Николоз Сабашвили.

Театр директоры Алмат Амангелді:

«Мен кіммін?» – қазіргі қоғамдағы өзекті тақырыптарды көтеретін көрермен сұранысына сай спектакль деп ойлаймын. Біз бұл туынды арқылы көрермендерге адамдық болмыстың мәніне қайта қарауға үндейміз. Қуыршақ театры – тек балаларға арналған өнер емес, ол кез келген күрделі идеяны нәзік әрі терең жеткізе алатын сахналық тіл. Премьера көрерменге ерекше әсер, терең ой және рухани толғаныс сыйлайды деп сенеміз», – деп атап өтті.  

«Мен кіммін?» – қоғамдағы рухани дағдарыс пен адамдық бет-бейненің жоғалуын көркем түрде жеткізетін ерекше спектакль.  

Өтетін орны: Мемлекеттік қуыршақ театры, Пушкин к-сі 63

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қуыршақ театры #Алматы Мемлекеттік қуыршақ театры
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Темірге жан, ал жастарға үн бітті: Алматыда «Jas Stars» қалай өтті?

Кеше 22:45

ӘЛЕМДІК АРЕНАДАҒЫ ЖЕҢІС: ҰЛАНДЫҚ ЖАУЫНГЕРЛЕР ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Кеше 21:47

Алматыда Робо-DJ мен Робо-бишілердің қатысуымен референдумды қолдауға бағытталған ауқымды концерт өтті

Кеше 21:40

Солтанай Жәнібек: «15 наурыздағы референдум – азаматтық ұстанымым»

Кеше 21:34

Шахислам Лайсханов: Ғылым мен бейбітшілік – қоғамның басты құндылығы

Кеше 21:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі