Алматы қуыршақ театры әлемдегі беделі зор Шекспир фестиваліне жолдама алды

  • 15:42, 05 тамыз 2025
Алматы қуыршақ театры әлемдегі беделі зор Шекспир фестиваліне жолдама алды сурет: Алматы қуыршақ театры

Францияның Авиньон қаласында ағымдағы жылдың шілде айында өткен Халықаралық «Off Avignon» фестивалі аясында әлемдік театр кеңістігінде беделі зор «International Shakespeare Festival Craiova» ұйымдастырған ерекше жоба жүзеге асты, деп хабарлайды Аqshamnews.kz. 

Бұл бастама Уильям Шекспир шығармаларының заманауи интерпретациясына арналған үздік спектакльдер мен театр ұжымдарын іріктеуді мақсат етеді. Әлемнің әр түкпірінен ұсынылған 18 театрдың арасынан іріктелінген екі үздік ұжымның бірі болып Алматы қаласы Мемлекеттік қуыршақ театры таңдалды. Өнер ордасы Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен шілде айының 16-26 күндері аралығында Уильям Шекспирдің «Ромео мен Джульетта» спектаклін қуыршақ бейнесінде сахналап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленген. 

1994 жылдан бері Румынияның Крайова қаласында тұрақты түрде өткізіліп келе жатқан бұл фестиваль бүгінде әлемдік театр сахнасындағы ең беделді әрі жаңашыл мәдени жобалардың бірі саналады. Жыл сайын ауқымы кеңейіп, өнер сүйер қауымның ықыласына бөленіп келе жатқан фестиваль 2024 жылы 70 түрлі локацияда 380 спектакль ұсынып, 200 мыңнан астам көрерменді қамтыған болатын. Осындай жоғары талаптар мен іріктеу кезеңінен өтіп, әлем сахнасында өнер көрсету мүмкіндігіне ие болу – Алматы қаласының Мемлекеттік қуыршақ театры үшін үлкен мәртебе, ұлттық мәдениетіміз үшін айрықша жетістік.

«Біз “Ромео мен Джульетта” спектаклін тамашалап шықтық. Қатты серпіліс алдық. Бұл бір ерекше ғажайып спектакль болды. Авиньондағы фестивальдің үздік туындыларының бірі деп айта аламын. Көзіме жас алған сәттер де болды. Жоғарғы деңгейде сахналанған, режиссурасы да, актерлік ойыны да керемет спектакль. Бізге осындай туындыны көруге мүмкіндік бергендеріңіз үшін алғыс білдіреміз!» – деп атап өтті «International Shakespeare Festival Craiova» фестивалінің ұйымдастырушысы Андрей Стефанескью.

2026 жылы режиссер Дина Жұмабайдың «Ромео мен Джульетта» спектаклі қазақ тілінде әлемдік сахнаға жол тартып, жаңа биікке көтеріледі.  Шекспир мұрасын жаңа көзқараспен талқылайтын, түрлі мәдениеттерді байланыстыратын халықаралық диалог алаңына айналған Румыниядағы бұл фестиваль – Алматы қаласының Мемлекеттік қуыршақ театры үшін Франциядағы «Off Avignon» жобасының табысты нәтижесі болды.

Театр әлеміндегі үздік шығармашылық ұжымдармен байланыс орнату, кәсіби тәжірибе алмасу, болашақта бірлескен жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беру сынды көптеген маңызды мақсаттарды жүзеге асырған «Off Avignon» фестивалі – Алматы қаласы Мемлекеттік қуыршақ театрының Франция, Англия, Германия, Италия сынды елдермен мәдени байланысын кеңейтіп, шығармашылық көкжиегін жаңа деңгейге көтерген маңызды көпірге айналды.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:20

16:34

15:42

15:25

14:28

13:31

12:32

12:22

12:09

12:00

11:18

10:52

10:25

10:14

09:54

09:11

20:48

17:13

16:48

16:47

16:42

16:32

15:53

15:30

14:37