AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / Алматыдағы Мемлекеттік академиялық қуыршақ театры...

Алматыдағы Мемлекеттік академиялық қуыршақ театры айтулы халықаралық фестивальге қатысады

Мәдени Алматы Бүгін 17:42 36 yakiya
Алматыдағы Мемлекеттік академиялық қуыршақ театры айтулы халықаралық фестивальге қатысады

Алматыдағы Мемлекеттік академиялық қуыршақ театры айтулы халықаралық фестивальге қатысады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматы қаласы Мәдениет басқармасына қарасты Мемлекеттік академиялық қуыршақ театрының репертуарындағы «Ромео мен Джульетта» спектаклі алғаш рет Румынияда өтетін халықаралық «The Craiova International Shakespeare Festival» фестивалі аясында сахналанады.

Фестивальге әлемнің 28 елінен 90-нан астам шығармашылық ұжым қатысады. Ауқымды театр мерекесі 1994 жылдан бері Крайова қаласында тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Биыл фестиваль 21-31 мамыр аралығында қаланың 32 театр алаңында өтеді.

Алматының Мемлекеттік академиялық қуыршақ театры осы ауқымды румын фестиваліне қатысатын алғашқы қазақстандық театр болмақ. «The Craiova International Shakespeare Festival» – Крайова қаласында өтетін халықаралық Шекспир фестивалі, ол әлем әдебиетін «Гамлет», «Макбет», «Король Лир», «Отелло», «Ромео мен Джульетта» және басқа да көптеген әйгілі туындымен байытқан ағылшын драматургі Уильям Шекспирдің шығармашылығын насихаттауға бағытталған.

2026 жылы фестивальге АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Франция, Италия, Испания, Германия, Чехия, Польша, Бельгия, Молдова, Эстония, Венгрия, Австрия, Армения, Аргентина, Украина, Грузия, Үндістан, Қытай, Жапония, Кения, Оңтүстік Африка Республикасы, Оңтүстік Корея, Тайвань, Израиль, Румыния және Қазақстан театр ұжымдары қатысады.

Крайова қаласындағы Марин Сореску атындағы ұлттық театр бұл фестивальді 1994 жылдан бері өткізіп келеді. Фестивальдің мақсаты Шекспир шығармаларын заманауи тұрғыда қайта пайымдау, сондай-ақ тәжірибе мен идея алмасуға арналған креативті алаң қалыптастыру.

Фестиваль екі жылда бір рет өткізіледі. Әр жылы өзіндік ерекше тақырыбы болады. 2026 жылы фестивальдің тақырыбы – «Will matters». Бұл тіркес «Уильям Шекспир маңызды» деген мағынамен қатар, «Адам рухы, ерік-жігері мен бостандығы маңызды» деген астарды да білдіреді.

Мемлекеттік академиялық қуыршақ театры фестиваль аясында ересектерге арналған «Ромео мен Джульетта» қойылымын ұсынады. Спектакль алғаш рет 2019 жылы режиссер Дина Жұмабаеваның жетекшілігімен сахналанған. Қойылымның камералық форматы, актерлік ойын мен қуыршақ өнерінің үйлесімі, ерекше режиссерлік шешімдер, Анна Цой қойған хореография және Юлия Чернованың сценографиясы көрермендер мен театр мамандарының жоғары бағасына ие болды. Спектакль әр жылдары Канада, Болгария, Ресей, Түркия және Қазақстанда өткен халықаралық фестивальдерде бас жүлде алған.

2025 жылы «Ромео мен Джульетта» спектаклі Францияның Авиньон қаласында өткен халықаралық «Off Avignon» фестиваліне қатысты. Дәл осы фестиваль барысында Шекспир фестивалінің ұйымдастырушылары қазақстандық театрдың шығармашылығымен танысып, артистердің кәсіби шеберлігін жоғары бағалап, оларды Крайовадағы XV Халықаралық Шекспир фестиваліне шақырған.

Румыниядағы театрсүйер қауым Мемлекеттік академиялық қуыршақ театрының репертуарындағы «Ромео мен Джульетта» спектаклін 28 мамыр күні сағат 19:00-де «Cercul Militar Craiova» мәдени орталығының сахнасында тамашалай алады.

Қойылым қазақ тілінде көрсетіліп, румын және ағылшын тілінде субтитрмен беріледі.

Билет туралы ақпарат пен басқа да қызықты мәліметтерді (http://www.shakespearefestival.online) сайтынан көруге болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қуыршақ театры
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Алмағайып кезеңде түркі мемлекеттерінің ауызбіршілікте болуы – өте маңызды»

Бүгін 18:30

Мемлекет басшысы: «Бүгінде Түркістан – көне мен келешекті тоғыстырған шырайлы шаһар»

Бүгін 18:27

«Qoja Ahmet Yasaui» орденін тағайындау туралы

Бүгін 18:20

Президент Түркістандағы алқалы жиынға қатысуға келген Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің басшыларына ризашылығын білдірді

Бүгін 18:16

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Бүгін 17:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);