Цифрлық Наурыз: Алматыда жасанды интеллект мерекелік бағдарламаға қалай енгізілді?
Алматыда Наурыз мерекесі биыл «Жасанды интеллект жылы» аясында өтіп, дәстүрлі мәдениет пен цифрлық технологиялар ерекше үйлесім тапқан заманауи форматта ұйымдастырылды. Қала алаңдарындағы интерактив киіз үйлер, LED-туннельдер мен 360° сахналар жасанды интеллекттің мүмкіндіктерін көрсетіп, мерекеге келгендерге тың әсер сыйлады.