AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Бағдадта Қазақстан павильоны ашылды

Бағдадта Қазақстан павильоны ашылды

Мәдениет 01.03.2023, 16:00 1,160 Almaty-akshamy
Бағдадта Қазақстан павильоны ашылды
Сурет: Ашық дереккөз

Бағдадта Қазақстан павильоны ашылды


Қазақ киіз үйі Ирактың жыл сайынғы «Iraqi Tourism–2023» халықаралық туристік форумының нағыз сәніне айналды


Қазақстанның Иорданиядағы Елшілігі «Hala Kazakhstan» туристік компаниясымен бірлесіп, Бағдад қаласында Қазақстан павильонын ашты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Еліміздің стенді және дәстүрлі қазақ киіз үйі Ирактың жыл сайынғы «Iraqi Tourism–2023» халықаралық туристік форумының нағыз сәніне айналды. Павильонға Ирактың Мәдениет, туризм және көне заттар министрі Ахмед Факак әл-Бадрани кіріп-шықты.


Форум аясында Ирактың туристік компанияларымен екіжақты кездесулер өтті, сондай-ақ еліміздің туристік және инвестициялық әлеуеті таныстырылды. Аталған іс-шараға Қазақстанның қатысуы Ирак азаматтарының аса қызығушылығын тудырды.


Сонымен қатар Елшілік қызметкерлерінің Бағдадқа сапары шеңберінде жергілікті Сауда палатасының президенті Фарис Әл-Хамдадимен және Ирак темір жолдарының Бас директоры Юнис Халед Джавадимен кездесулер өткізілді. Келіссөздер барысында Қазақстан-Ирак сауда-экономикалық, көлік және инвестициялық ынтымақтастығын дамыту перспективалары, сондай-ақ тауар айналымын ұлғайтуға және бірлескен жобаларды іске асыруға бағытталған нақты қадамдар талқыланды.


Ирак тарапы тиісті шарттық-құқықтық базаны қалыптастыруға мүдделілігін және екіжақты қатынастарды одан әрі жандандыруға дайындығын білдірді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#павильон #киіз үй #Бағдад
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);