AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: алматылық киі...

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: алматылық киіз үйлер туристерді тәнті етті

Әлеумет 10.09.2024, 16:26 1,097
V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: алматылық киіз үйлер туристерді тәнті етті
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Астанада өткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында Алматы қаласы туристік, тарихи және спорттық орталық ретінде кеңінен таныстырылды. «Көшпенділер әлемі» этноауылында Welcome to Almaty деп аталатын футуристік киіз үй ашылды.

Орталық 12 қанатты киіз үйге келгендер Алматының көркі көз тартар табиғи сұлулығын, қала пейзажын, инфрақұрылымы мен тұрғындарын көре алады. Визуалды және дыбыстық эффектілердің арқасында қонақтар қаланың атмосферасына еніп, шаһардың ерекше рухын сезіне білді. Дөңгелек және едендегі LED экрандар жоғары технологиялық арнайы эффектілер арқылы туристерді қайран қалдырып, көшпенділердің баспанасына енгендей әсерге бөледі. 

Көршілес «Ұлттық қазына» атты киіз үйде Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі қазақтың ұлы ақындарының, күйші-композиторларының және жырауларының музыкалық аспаптарының көшірмесі, сондай-ақ қазақтың ежелгі халық аспаптары қойылған ерекше топтама ұсынылды. ҚХР, Бразилия, Малайзия, Италия және Нидерландыдан келген туристердің ерекше қызығушылығын туғызған экспозиция халық музыканттарының орындауындағы күйлердің «жанды» дыбысымен сүйемелденді.

Ал үшінші киіз үй қазақтың дәстүрлі мәдениетінің ежелгі элементі «Біз кестеге» арналған. Бұл киіз үйде алматылық шебер-суретші Зейнелхан Мұхамеджанұлының көрмесі ұйымдастырылған. Мұнда шебердің ілмек пен түрлі-түсті жіптер арқылы жасаған құнды бұйымдары қойылған. Ниет білдірушілер шеберлік дәрістеріне қатыса алады. 

Алматылық киіз үйлердің көрмесіне алғашқы күні-ақ 5000-нан астам адам келді. Қонақтарды ерекше әсерге бөлеген тағы бір нәрсе – Жетісудың барлық мәдени сұрыпты алма ағашының атасы – Сиверс алмасы бейнеленген бақ декорациясы еді.

Сондай-ақ, Алматы «Ұлы дала үні» атты ауқымды концерт ұсынды. Оған Роза Рымбаева, Майра Мұхамедқызы, Айгүл Қосанова, Зарина Алтынбаева, Aray тобы, Ulytau этно-рок тобы, «Тұран» ансамблі, «Сазген сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблі, «Славян базары» байқауының лауреаттары мен жүлдегерлері Шерхан Арыстан, Ерназар Жұбан және DJ Prashkevich сынды отандық эстрада жұлдыздары мен аты аңызға айналған өнерпаздар қатысып, көрермендерді тәнті етті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #турист #киіз үй
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев ел тарихында алғаш рет әкімшілік құқықбұзушылық бойынша рақымшылық жасалатынын мәлімдеді

Бүгін 15:35

«ЖАЗЫЛ ДА, ҰТЫП АЛ!»

Бүгін 15:17

Мұнай бағасы құбылып тұр: Қазақстанға әсері қандай?

Бүгін 14:51

Қазақстан бойынша Ораза айт намазының кестесі жарияланды

Бүгін 14:28

Түрме - соңғы үкім емес

Бүгін 14:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика