Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда GO FACTORY атты үлкен IT-конференция өтед...

Алматыда GO FACTORY атты үлкен IT-конференция өтеді

Әлеумет 29.09.2022, 07:27 1,291
Алматыда GO FACTORY атты үлкен IT-конференция өтеді
Сурет: Parimatch

Конференция қарсаңында қаланың негізгі мерекелік шараларында кибер-киіз үйлер бой көтере бастады.


4-6 қараша аралығында «Алматы Аренада» Parimatch беттинг-компаниясының қолдауымен GO FACTORY атты үлкен IT-конференциясы өтеді, Almaty-akshamy.kz


Мұнда қонақтар демалып қана қоймай, сонымен қатар кәсіби киберспортшылармен де таныса алады.


Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары қала күнін тойлау барысында және кезекті Алматы марафонына тіркелу кезінде Parimatch брендімен сәнделген ерекше киіз үйлерді байқауы мүмкін. Қызығушылық танытқан қонақтарды киіз үйдің ішінде промоутерлер жылы қарсы алып, тәттілерді ұсынды және ойын приставкалары орнатылған демалыс орындарына шақырды. Кибер киіз үй – бұл Parimatch пен GO FACTORY дайындап жатқан қызықты шараның шағын ғана көрінісі.


GO FACTORY мен Parimatch – бұл IT индустриясындағы заманауи технологиялар мен трендтердің бірнеше ағындарын біріктіретін ауқымды алаң. Конференцияның ұйымдастырушылары Алматыны ТМД аумағындағы стартаптар мен халықаралық компаниялар үшін ең ірі хабқа айналдыру мақсатын ұстанып отыр. Конференцияға 30 000-нан астам адам қатысады деп күтілуде, оның ішінде кәсіпкерлер, инвесторлар, крипто-әуесқойлары, бейне ойындар мен бағдарламалық жасақтама әзірлеушілері, киберспортшылар мен косплейлер болары анық.



«Бұл - тек Қазақстанда ғана емес, тіпті көршілес елдерде де бұрын-соңды болмаған алғашқы ауқымды жоба. Осы уақытқа дейін мұндай фестивальдар тек аталмыш саланың аудиториясына арналған тар бағытта өтіп жүрді. Біз жеті бағытты біріктіріп, өзіміздің және шетелдік мамандардың тәжірибесіне негізделіп кәсіпкерлер мен IT саласының әуесқойлары үшін түсінікті нұсқаулық жасадық. Бізге Techie, WePay, Langame, Smartshell сияқты ірі компаниялардың спикерлері келіп, өздерінің озық тәжірибелерімен бөлісіп, жаңа өнімдерін көрсетеді», - деді GO FACTORY фестивалінің құрылтайшысы Әсет Ихсанов.



Үш күн ішінде қатысушылар 30-дан астам сессияларға, пікірталастарға және дөңгелек үстелдерге қатыса алады, мамандандырылған 40 брендпен танысып, керемет шоу-матчтарда нағыз киберспортшылармен кездеседі, тіпті ең танымал онлайн-ойындары бойынша чемпионаттарға қатысуға мүмкіндік алады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#конференция #киіз үй #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Түркияда өткен таеквондодан турнирде бес медаль жеңіп алды

Бүгін 12:32

Алматыда сот шешімімен ірі ғимарат сүріліп жатыр

Бүгін 12:16

Түркістан облысында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған тұрғын сотталды

Бүгін 12:10

Freedom Inside форумы: цифрлық экожүйелердің бизнес пен технологияларды қалай біріктіреді

Бүгін 12:05

Белгілі қазақстандық жазушылар мен ақындар «Кітап оқитын ұлт» жобасы Қамқоршылық кеңесінің құрамына кірді

Бүгін 11:54
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика