конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Су тасқынынан зардап шеккен ауылдарға киіз үйлер ж...

Су тасқынынан зардап шеккен ауылдарға киіз үйлер жіберілді

Әлеумет 23.05.2024, 10:43 1,179 Almaty-akshamy.kz. 
Су тасқынынан зардап шеккен ауылдарға киіз үйлер жіберілді
Almaty-akshamy.kz. 

"Салиқалы ұрпақ" қоры су тасқынынан зардап шеккен ауылдарға киіз үйлер жіберді. Халықтың сұранысына орай сатып алынған жылу Арқалық қаласына қарасты "Екідің" және "Қызыл жұлдыз" елді мекендеріне жөнелтілді.

Қостанай өңіріндегі бұл ауылдарды су басып, үйлер қирап, шарасыз қалған халық түгел көшірілген еді. Сондықтан, "Салиқалы ұрпақ" қоғамдық қорының мүшелері жергілікті тұрғындардың жан-айқайын тыңдап, қандай мұқтаждық басым екендігін біліп, жағдайды көзбен көру үшін осы ауылдарға арнайы барған еді. Уақытша паналайтын киіз үй сұраған халықтың тілеуі көп ұзамай орындалды. 

"Су тасқынының салдарынан тірнектеп жинаған барлық дүние-мүлкінен, малынан айырылған халықтың жағдайы әлі күнге дейін күрделі екендігіне көзіміз жетті. Тұрғындардың көпшілігі паналайтын орын таппай қиналып отыр екен. Сондықтан, көптің тілеуі - киіз үй болды. Біз, яғни "Салиқалы ұрпақ" қоры жиналған халыққа уәде етіп, бірден тапсырыс бердік. Тапсырысымыз уақытында дайын болып, мінекей, бүгін киіз үйлерді ауыл ішіне құрып, халыққа табыстадық, сөзімізде тұрдық. Бастысы, киіз үйлердің сапасына мән бердік. Барлығы талапқа сай жасалды. Жергілікті халық ризашылығын, шексіз алғыстарын білдіріп жатыр. "Жұмыла көтерген жүк жеңіл", - дейді ғой. Сондықтан, қандай қиыншылық болса да, халықпен бірге болайық", - деді "Салиқалы ұрпақ" қоғамдық қорының директоры Қасым Қасабеков.

Еске салайық, су тасқыны кезінде Арқалық қаласына қарасты "Екідің" және "Қызыл жұлдыз" ауылының тұрғындары тікұшақтың көмегімен қауіпсіз аймаққа, Арқалық қаласындағы эвакуациялық пункттерге көшірілген еді. Жалпы, қала аумағындағы су басқан ауылдарда 87 үй, ал тек Екідің ауылының өзінде 38 баспана тұруға жарамсыз деп танылған. Бүгінде жаңа үйлердің құрылысы басталып, халыққа бірте-бірте өтемақы төленіп, шығын өтеліп, кәсіпкерлер тарапынан да тиісті көмек көрсетіліп жатыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#су тасқыны #көмек #киіз үй
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Ашықтық пен азаматтардың қатысуы артады»: халықаралық сарапшы Қазақстан Құрылтайының реформасын жоғары бағалады

Бүгін 22:27

ӘЧ жұлдызы Возинья жаңа клуб тапты: Кабо-Верде қақпашысы Чилиге ауысады

Бүгін 16:45

Дастан Сәтпаев "Челси" сапында 36-нөмірмен өнер көрсетеді

Бүгін 15:19

Көкшетауда көлік жуу кешенінде 18 жастағы жігіт тоқ соғып, көз жұмды

Бүгін 14:29

Әмірліктерде жүрген қазақстандықтар ұлттық жүргізуші куәлігін пайдалана алады

Бүгін 12:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);