Биыл Алматыда Наурыз мерекесі «Жасанды интеллект жылы» аясында ерекше форматта өтуде, - деп хабарлайды aqshamnews.kz
Астана алаңында 6 тақырыптық киіз үй орнатылды. Соның екеуі цифрлық технологияларға арналды.

Бір киіз үй инновациялық интерактив алаңына айналып, онда роботтар, дрондар, оқушылардың әзірлемелері, жасанды интеллект негізіндегі жобалар және виртуалды шындық аймағы ұсынылды.
Екінші киіз үй — «Digital 360 – Welcome to Almaty» мультимедиялық кеңістігі. Мұнда панорамалық проекциялар мен цифрлық шешімдер арқылы келушілер қала тарихын әр кезеңде тамашалады.
Сонымен қатар, Панфилов жүргіншілер аймағы Наурыз және жасанды интеллект тақырыбында безендіріліп, арнайы LED-туннель орнатылды. Аумағы 175 шаршы метр туннель ішінде жасанды интеллект көмегімен жасалған визуалды контент ұсынылды.
Астана алаңындағы сахна 6 блоктан тұрып, жалпы аумағы 1000 шаршы метрді қамтыды. Сахнаға арналған визуалды контентті әзірлеуде де жасанды интеллект технологиялары қолданылды.
Ал Абай алаңындағы сахна 360 градус форматында жасалып, ондағы контент те жасанды интеллекттің көмегімен әзірленді.