AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / XXI ғасырдың оқу киіз үйі: Алматыдағы мектептердің...

XXI ғасырдың оқу киіз үйі: Алматыдағы мектептердің бірінде бірегей білім беру кеңістігі құрылды

Білім және ғылым 23.04.2026, 09:56 212 yakiya
XXI ғасырдың оқу киіз үйі: Алматыдағы мектептердің бірінде бірегей білім беру кеңістігі құрылды

Алматы қаласы Білім басқармасына қарасты М. Базарбаев атындағы №138 гимназияда ұлттық стильде безендіріліп, киіз үй үлгісінде жасалған заманауи «Парасат шаңырағы» этно-кабинеті салтанатты түрде ашылды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бұл Алматы қаласындағы мектептер арасында жүзеге асырылған алғашқы осындай жоба. Дәстүрлі музей бұрыштарынан айырмашылығы, заманауи білім беру талаптарына сай жабдықталған бұл киіз үй толыққанды оқу кабинеті саналады.

Іс-шараның құрметті қонақтары қатарында: білім саласында «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын алғаш алған тұлға (2008 ж.), «Алтын жұлдыз» және «Отан» ордендерінің иегері Аягүл Миразова, «Ұстаз» қалалық кәсіподағының төрағасы Серікжан Байгуттинов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, М. Мақатаев атындағы сыйлықтың лауреаты Гүлшара Есетова және басқа да қонақтар болды.

«Жаңа кабинеттің негізгі міндеттері – оқушыларға ұлттық құндылықтарды сіңіру, қазақ халқының дәстүрлері мен мәдени мұрасымен таныстыру, ұлттық сана-сезімді дамыту, сондай-ақ этнопедагогика негізінде тәрбие мен білімді үйлестіре беру», – деді №138 гимназия директоры Медет Қасымбаев.

Киіз үй ішінде ұлттық сәндік элементтермен қатар (тұрмыстық бұйымдар, қолөнер үлгілері, дәстүрлі музыкалық аспаптар) заманауи оқу құралдары да орналастырылған. Мұнда ашық сабақтар, тәрбие сағаттары және танымдық іс-шаралар өткізу жоспарланып отыр. Салтанатты рәсім барысында қонақтарға кабинет таныстырылып, оқушылар ұлттық мәдениетті насихаттауға бағытталған Наурыз мерекесін ұйымдастырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#киіз үй
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жаңа музыкалық толқындағы бес жыл: Алматыда мерейтойлық BEU Fest фестивалі дүркіреп өтті

Бүгін 13:39

584 педагог пен 3676 оқушы: Алматыдағы пилоттық жоба алғашқы нәтижесін көрсетті

Бүгін 13:36

Алматыда жазғы маусым ашық аспан астындағы үлкен концертпен ашылды

Бүгін 11:48

Қазгидромет тоғыз қаланың тұрғындарына ескерту жасады

Бүгін 10:09

Жел, жаңбыр, аптап: Бүгін ауа райы қандай болады?

Бүгін 09:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);