«Зорлық-зомбылыққа төзбеу мәдениеті қалыптасуда»

«Зорлық-зомбылыққа төзбеу мәдениеті қалыптасуда» almaty-akshamy.kz

Жақында Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасында «Аяулы жан» әлеуметтік жобасы аясында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңын имплементациялау» тақырыбында диалогтік алаң өтті. Осыған орай, заңгер, «Аяулы жан» жобасының жетекшісі Сапарова Гүлшара Маратқызымен сұхбаттасқан едік.

– Гүлшара Маратқызы, іс-шарада талқыланған мәселелер жөнінде толығырақ айтып өтсеңіз?

 – Бүгін біз әріптестерімізбен бірге әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың кез келген көріністері үшін жауапкершілікті күшейтетін, сондай-ақ отбасы институтын нығайтуға және кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған ҚР Заңына қол қойылған нормаларды іске асыру бойынша нақты қадамдарды талқылап, жоспарларымызды айқындадық.

– «Жан-Сая» Дағдарыс Орталығы тарапынан жәбірленушіге қандай көмектер көрсетілуде?

– Дағдарыс орталығында ҚР заңнамасымен бекітілген арнайы әлеуметтік қызметтердің барлық түрі көрсетіледі. Атап айтсақ: әлеуметтік, еңбек, психологиялық, медициналық, құқықтық, мәдени, экокномикалық, тұрмыстық. Мысалы, қызмет алушы келіп түскен уақытта оған жатын орын мен бірінші керек-жарағы беріледі, тамақпен қамтамасыз етіледі, бұл – тұрмыстық қызметке жатады. Ал, психологтің өткізетін терапиясы, заңгердің құжаттарын реттеп, қалпына келтіруі – сәйкесінше, психологиялық, құқықтық қызметтер деп есептеледі. 

 Сонымен қатар, бұл мәселеге бей-жай қарамайтын серіктестер мен демеушілер де қызмет алушыларға көмегін аямайды.

– Жылына сіздердің орталыққа қанша адам көмек сұрап хабарласады?

– 2023 жылдың есебінше, 1980 адамға көмек көрсетілді. Оның ішінде 475 адам орталықта тұрса, қалғаны психолог пен заңгердің жеке кеңесін онлайн және офлайн түрде алған. 

– Қазіргі таңда зорлық-зомбылықтың физикалық, сексуалды, экономикалық және психологиялық түрлерінің бар екенін білеміз. Соның ішінде дағдарыс орталығына зорлық-зомбылықтың қай түріне қатысты жиі қоңырау түседі? 

– Көбіне зорлық-зомбылық түрін идентификациялау кезінде физикалық және психологиялық түрлері жиі кездеседі. Дегенмен тәжірибеге сүйенсек, бір қызмет алушыда міндетті түрде зорлық-зомбылықтың бірнеше түрі орын алатынын айта аламыз.

– Орталықта сауықтыру шараларынан өтіп, отбасына оралған адамдармен қаншалықты жиі байланысып тұрасыздар?

– Қызмет алушылар бізден кеткен соң бір жыл көлемінде хабарласып тұрамыз. Ал егер одан бөлек көмек қажет болса, кез келген уақытта көмектесуге дайынбыз.

– Отбасындағы зорлық-зомбылықтың көбею себебі неде деп ойлайсыз?

– Жалпы айтатын болсам, себеп-салдар байланысы принципіне сәйкес, үйдегі тәрбие мен күнделікті тұрмыс-тіршіліктің көрінісі әр адамға үлкен ықпалын тигізеді. Сонымен бірге, қоғамдағы зорлық-зомбылыққа деген немқұрайды көзқарас адамдардың санасына бұл құқық бұзушылықты норма ретінде көрсетеді. 

Дегенмен, айта кету керек, қазіргі таңда халықтың көзі ашылып, құқықтық сауаттылығы артып, соның ішінде қоғам белсенділері зорлық-зомбылық норма емес екенін көрсетіп, нөлдік төзімділік мәдениеті қалыптасып жатыр.

– Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы әйел құқығы мен балалар қауіпсіздігін қорғайтын Заңға қол қойды. Заң өз күшіне енгеннен кейін еліміздегі  зорлық-зомбылық фактілері азаяды деген үмітіміз мол. Осы тұрғыда сіздің алып-қосарыңыз? 

– Әрине, өзгерістер болып жатқанына құқықтық қоғамның дамуын қалайтындар  қуанып жатыр. Ал, бұл заңның қалай жұмыс істейтінін және зорлық-зомбылық фактілері азаюын уақыт көрсетеді деп ойлаймын.

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
4
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:28

19:50

19:04

18:48

18:02

17:16

17:11

16:56

15:49

15:29

15:00

13:56

13:41

13:37

13:11

11:20

11:04

10:42

09:58

09:35

09:05

08:47

08:03

17:03

16:05