AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда ҚАЖД бастығы антына адал қызметкерлердің...

Алматыда ҚАЖД бастығы антына адал қызметкерлердің ата-аналарын марапаттады

Барлығы 25.10.2025, 14:19 450
Алматыда ҚАЖД бастығы антына адал қызметкерлердің ата-аналарын марапаттады
Сурет: Polisia.kz

Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде Республика күніне арналған салтанатты жиын өтті.

Іс-шара еліміздің Мемлекеттік Әнұранымен ашылып, департамент бастығы Ерлан Ұзақов жеке құрам мен ардагерлерді атаулы мерекемен құттықтады.

– 25 қазан – еліміздің ең маңызды әрі айрықша мерекелерінің бірі. Себебі дәл осы күні, 1990 жылы, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Мемлекеттік егемендік туралы декларацияны қабылдап, Қазақстан өзіндік салт-дәстүрі мен ұлттық құндылықтары бар егеменді Республика ретінде жарияланды. Бұл – ата-бабаларымыз аңсаған азаттықтың ақ таңы атқан күн. Бүгінгі буынның міндеті – сол тәуелсіздікті көздің қарашығындай сақтап, ел игілігі үшін адал қызмет ету. Баршаңызды Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын, – деді Ерлан Ұзақов. 

Мерекелік жиында қызметтік міндетін адал атқарып, жоғары кәсібилік танытқан үш қызметкер Ішкі істер министрлігінің және қылмыстық-атқару комитетінің Алғыс хаттары мен Грамоталарымен марапатталды. Ал бір қызметкерге "Қылмыстық-атқару саласының үздігі" төсбелгісі табыс етілді. Сонымен қатар жиырмадан астам қызметкер ҚАЖ департаменті басшылығының Алғыс хаттарына ие болды.

Салтанат аясында ерекше дәстүр ретінде адал да еңбекқор қызметкерлер тәрбиелеген 10 ата-анаға Ерлан Ұзақовтың атынан Алғыс хаттар мен гүл шоқтары тапсырылды. Алғыс хат мәтінінде: "Сіз тәрбиелеп өсірген ұлыңыз ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару органдарында өзіне жүктелген міндеттерді адал атқарып, Отан алдындағы борышына зор жауапкершілікпен қарауда. Ұлыңыздың бойына осындай қасиеттерді дарытқаныңыз үшін Сізге шынайы алғыс білдіремін" - делінген. Сонымен бірге іс-шара барысында қызметке жаңадан қабылданған жас мамандар Отанға адал қызмет етуге салтанатты түрде ант берді.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #антына адал қызметкер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алатау қаласының арнаулы мәртебесі туралы заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды

Бүгін 12:28

Қыздарды селт еткізген, жігіттерді оятқан дәстүр: оның Наурызбен байланысы қандай?

Бүгін 12:05

Алатау қаласында жалға берілген жерлер қандай жағдайда кері қайтарылады?

Бүгін 11:39

Ораза айт күні қандай амалдар жасау керек?

Бүгін 11:29

Жамбыл облысында 5 млн теңге бопсалаған қоғамдық белсенді ұсталды

Бүгін 11:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика