Ерекше күн. Ерекше түн. Ерекше экспонтаттар

Ерекше күн. Ерекше түн. Ерекше экспонтаттар Сурет: Almaty-akshamy.kz

«Музейлер түні» - бұл Халықаралық музейлер күніне орай көптеген мәдени мекемелердің қатысуымен жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын акция. Іс-шараның мақсаты кең аудиторияның, ең алдымен жастардың музейге деген қызығушылығын арттыру.  

Қала музейлері келушілерді 18:00-ден 00:00-ге дейін музей құпияларын ашып, бірегей музей мұрасымен таныстырады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Акцияға Алматы қаласы музейлер бірлестігінің сегіз музейі қатысады: Алматы музейі, Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі, Д.А. Қонаев музейі, Н. Тілендиевтың мемориалдық музейі, С. Мұқанов пен Ғ. Мүсіреповтың әдеби-мемориалдық музей кешені, Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығы және А. Байтұрсынұлы музей-үйі. 

Акция аясында қала қонақтары мен тұрғындары музей қызметкерлерінің ғылыми зерттеулері барысында қайта ашылған және әдетте көпшілік көре алмайтын бірегей экспонаттарды көріп, квест, викториналар мен конкурстарға, тарих және мәдениетке қатысты танымдық ойындар ойнап, шеберлік сағаттарға қатыса алады. 

Алматы музейіне келушілер мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтің өмірі мен қызметіне арналған көрмені тамашалай алады. Сонымен бірге, «Show Today» командасы келушілерге музейге байланысты тапсырмалар арқылы, музыкалық білімін, би мен жылдамдығын сынай алатын, топтық, интерактивтік, интеллектуалдық сайысын ұсынады. Бұл ойындар Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейіндеде өтеді. 

Бірлестік музейлері келушілерге экскурсовод-гидтердің, көрнекті тұлғалардың ұрпақтарымен, мәдениет қайраткерлерінің, танымал әртістер мен блогерлардың қатысуымен өтетін мәдени-танымдық бағдарлама ұсынады. 

Сонымен қатар, акция аясында жеті музейді қамтитын қызықты квест-ойыны өтеді. Қатысушылар әр музей тарихын білуден сайысқа түседі. Командалар мақсаты – пано құрастыру үшін музей қызметкерлері дайындаған сұрақтарға жауап беріп, барлық пазлдарды жинау. Командарларды медиа тұлға капитандар Кирилл Мейстер, Әйгерім Үзембаева және Тахир Сұлтан бастайды. 

Акция Еуропа кеңесі мен Халықаралық музейлер кеңесінің (ICOM) қамқорлығымен өткізілуде. Алғашқы рет «Музейлер түні» 1997 жылы Берлинде өтті. 1999 жылы Францияның Мәдениет және коммуникациялар министрлігінің бастамасымен бұл шара кеңейтілді: барлық француз музейлерінде көктемнің бір жексенбісінде келушілерге тегін кіру мүмкіндігін ашу ұсынылды. Акция «Музейлер көктемі» деп аталды. 2001 жылдан бері Еуропа Кеңесінің Мәдениет жөніндегі конвенциясына қол қойған 39 елдің барлық музейлері бұл акцияға қатысып үлгеріп, бұл мәдени шараны басқару осы елдердің мәдениет министрліктеріне жүктелген. 2005 жылы «Музейлер көктемі» «Музейлер түніне» айналды. 2005 жылы акцияға Францияның 750 музейі және Еуропаның 500 музейі қатысты. 

«Музейлер түні» акциясы Қазақстанда алғаш рет 2006 жылы өткізілді.

ЕРЕКШЕ КҮН. ЕРЕКШЕ ТҮН. ЕРЕКШЕ ЭКСПОНАТТАР. 

КІРУ ТЕГІН.

-          Алматы музейі – Қабанбай батыр көшесі, 132

-          Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі – Зенков көшесі, 24а

-          Д. А. Қонаев музейі – Төлебаев көшесі, 117

-          Н. Тілендиев мемориалдық музейі – Қонаев көшесі, 96

-          С. Мұқанов және Ғ. Мүсірепов атындағы әдеби-мемориалдық музей кешені –    Төлебаев көшесі, 125

-          Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығы – Нұркент ықшам ауданы  5/11

-          А. Байтұрсынұлы музей-үйі – Байтұрсынұлы, 60

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

15:43

15:14

14:47

14:07

13:26

12:46

12:17

12:16

12:05

11:46

11:22

11:19

11:14

11:11

11:10

11:09

10:51

10:35

10:32

10:23

10:08

20:27

19:45

19:05

18:47