Заңды білгеніңіз — лайықты өмір сүргеніңіз! Адамдар үшін өздерінің заңды құқықтарын білу аса маңызды. Егер сіз қашықтықтан жұмыс істесеңіз сіздің құқықтарыңыз қалай қорғалады. Бұл жағдайда қандай кепілдіктер мен қосымша мүмкіндіктер бар? Бұл жөнінде заңгер-мамандар не дейді?
Дмитрий ШЮТЦ, KazBar Заң консультанттары палатасының мүшесі, ҚР Аудиторлар палатасының құрметті мүшесі, ҚР Қаржы министрлігі консультативтік органының мүшесі, ҚР Қаржы мамандары палатасы басқармасының төрағасы:
– Жұмыс беруші ұсына алатын ең тиімді мүмкіндік – қашықтықтан жұмыс істеуді ұйымдастыру. Егер құжаттамаларды, есептерді дайындау, аударма жасау, бағдарламалар мен қосымшалардың дизайнын әзірлеу әрі жобалау жұмыстары және т.б. болса бұл қашықтықтан атқаруға болатын тиімді нұсқа. Мұндай жағдайда осы жұмыс режиміне көшу үшін екі тараптың – қызметкер мен жұмыс берушінің өзара келісімі қажет.
Бұл ретте жұмыс беруші қызметкермен байланыс жасауға қажетті құрал-жабдықтарды (модем, интернет-байланысы, телефон және т. б.) өзі қамтамасыз етеді немесе осылардың бәрі қызметкердің өзінен болса жұмыс беруші сол үшін қызметкерге өтемақы төлейді.
Қашықтықтан жұмыс істеу кезінде жұмысты бақылау және еңбек уақытын есепке алу қалай жүргізілетінін келісіп алу керек. Ең бастысы, егер жұмыс көлемі өзгермесе, жұмыс беруші еңбекақы мөлшерін өзгертпесе де болады, алайда, егер ол алдын-ала еңбек шартында немесе ұжымдық еңбек шартында көрсетілмесе, бұл мәселе екі жақтың келісіміне байланысты болмақ. Мұның бәрі Еңбек Кодексінің 138-бабында көрсетілген.
Ал, Еңбек Кодексінің 137-бабында қызметкердің өз үйінде отырып жұмыс істеуіне байланысты түсінік беріледі. Бірінші нұсқадан бұл нұсқаның айырмашылығы — сіз компанияңызға қажетті киімді, аяқ киімді, бижутерияны және т.б. қажет нәрселерді үйде отырып жасайсыз. Ең бастысы, қажетті құралдар мен материалдар болуы керек, қызметкер оларды жұмыс берушіден алады немесе өзінде бар материалдарды пайдаланады. Төлем ай сайын, сондай-ақ орындалған жұмыстың көлеміне де байланысты болуы мүмкін. Бұл ретте де бәрі жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы уағдаластыққа байланысты.
Екі нұсқадағы мәселелер, егер олар еңбек шартында алдын-ала көрсетілмеген жағдайда, олар екі жақтың өзара келісімі бойынша келісім-шартқа енгізілуі қажет.