Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Үш айда 2,8 млн шаршы метр баспана пайдалануға бер...

Үш айда 2,8 млн шаршы метр баспана пайдалануға берілді

Әлеумет 12.04.2022, 04:10 1,009
Үш айда 2,8 млн шаршы метр баспана пайдалануға берілді
Сурет: Homsters.kz

Биыл 15,1 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған.


ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Үкімет отырысында өнеркәсіп, көлік және құрылыс салаларындағы ағымдағы жағдай туралы хабардар етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz аталған министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


2022 жылдың қаңтар-наурыз айларында құрылыс бойынша нақты көлем индексі 108,6% құрады.



«Тұрғын үй құрылысында биыл 1 тоқсанда 2,8 млн шаршы метр баспана пайдалануға берілді. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 100,4% құрайды. Бүгінгі таңда республика бойынша барлығы 23,3 мың үй пайдалануға берілді. 15 өңірде өсім бар. Көш басында Павлодар, Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Түркістан облыстары тұр. Биыл 15,1 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған», - деді ҚР ИИДМ басшысы Үкімет отырысында.



2022 жылдың 1 тоқсанының қорытындысында еліміздің өңдеу өнеркәсібінде жиынтық көрсеткіш 106,5% құрады. 


Машина жасау саласында автокөлік құралдарын, трейлерлер мен жартылай тіркемелерді (+14,8%), машиналар мен жабдықтарды (+3,4%) шығару, өзге көлік құралдарын (+13,3%), компьютерлер, электрондық және оптикалық жабдықтар (+18,3%), сондай-ақ электр жабдықтарын (+1,8%) шығару есебінен 11,3% деңгейінде тұрақты өсім көрсетті.


Түсті металлургияда тазартылған мыс (+10%), құйма алтын (+7%), катодты мыс (+4%), тазартылған алтын (+33%) шығару көлемі өсті. Қара металлургияда болат (+7%), шойын (+6%), арматуралық прокат (+24%), рельстер (+32%), фасонды прокат (+55%), ферросилиций (+2,7%) және болат құбырлар (2,6 есе) өндірісі ұлғайды.


Құрылыс материалдары өндірісі 12,4% артты. Өсім жылу оқшаулағыш материалдар (1,5 есе), бетоннан жасалған бұйымдар (+15,4%), тауар бетон (+22,8%), кірпіш (+17,8%) және құрылыс ерітінділері (+10,7%) өндірісінің артуы есебінен болды.


Химия өнеркәсібі өндірісінің көлемі 7,8% өсті. Сары фосфор (+49%), фосфор-калий тыңайтқыштары (+43%), азықтық трикальцийфосфат (+73%), аммиак селитрасы (+10), сұйық аммиак (+13%), азот қышқылы (+8), ерітіндідегі күйдіргіш натрий (+28%) және хлор (+41) өндірісінің көлемі ұлғайды.


Жеңіл өнеркәсіпте тоқыма бұйымдарын (+6,6%), киім (+13%) және былғары өнімдерін (+28,8%) өндіру көлемінің ұлғаюы есебінен 10,6% өсті.


Көлік саласында транзиттік контейнерлік тасымалдарда оң динамика сақталып, өсім 7% құрады. Көліктің барлық түрімен жүк тасымалдау көлемі 849,2 млн тонна болды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#тұрғын #үй #баспана
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі Жетісу ауданындағы көріктендіру жобаларымен танысып, бизнестің қатысуын күшейтуді тапсырды

Бүгін 18:47

Алматыда қала орталығындағы жазғы дәмхана сүрілді

Бүгін 17:55

Тұтынушылық кредит алушылар азайған

Бүгін 17:37

2025 жылы 1757 ресейлік Қазақстан азаматтығын алған

Бүгін 17:10

Алматы үйленуден көш бастап тұр

Бүгін 16:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика