ffin.kz

Ұлт денсаулығы маңызды

Ұлт денсаулығы маңызды jackys.com

«СҚ-Фармация» ЖШС-дегі жаңашылдықтар қандай?


«Медициналық техниканы сатып алу жүйесін түбегейлі қайта қарау қажет. Бұл – үлкен проблема, өйткені бұл сала жоғары коррупциогенді болып табы­лады. Өңірлер жабдықтың сметалары мен бағаларын жүйелі түрде көтеріп отырады, оған сервистік қызмет көрсетуге көп ақша жұмсалады. Сондықтан Үкіметке «СҚ-Фармация» базасында медициналық техниканы орталықтан­дырылған сатып алуға көшуді тапсырамын».


ҚР Президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ



«СҚ-Фармация» ЖШС-нің Бірыңғай дистрибьюторлық орталығы тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шең­берінде халықты дәрі-дәрмек­термен қамтамасыз ету және тең құқылы серіктестік жағдайында жеке және мемлекеттік сектор­лардың күш-жігерін біріктіру жолымен ҚР-да фармацевтика­лық саланы дамытуға жәрдем­десу мақсатында құрылған. Иә, ұлт денсаулығы және денсаулық саласының бәрімізге тең қол­жетімді болуы – мемлекет назарында ұстап отырған негізгі басымдықтардың бірі.


Жаңаланатын кез келді


Бүгінгі күні Қазақстан да технологиялардың қарқынды дамуы нәтижесінде емдеу тұрғысынан да, ауруларды ерте диагностикалау бағытында да үлкен биіктерге жетті. Ерте диагностика жасау өз кезегінде денсаулық сақтау жүйесінің превентивті медицинаны дамыту бағытында қозғалуына ықпал етеді.



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында денсаулық сақтау саласы бойынша сөйлеген сөзінде медициналық техниканы сатып алу жү­йесін түбегейлі қайта қарау қажеттігін атап өткен болатын. Сондай-ақ, Үкіметке «СҚ-Фармация» базасында медицина­лық техниканы орталықтандырылған сатып алу жүйесіне көшуді міндеттеген-ді. Президент тапсырмасы жедел қолға алынып, бүгінде күш алып, жемісін де бере бастады. Қазір бұл бағытта «СҚ-Фармация» ЖШС Бірыңғай дистрибью­торлық орталығы жүйелі түрде жұмыс істеуде.



Сарапшылар пікіріне сүйенсек, бұрын бұл жүйе енгізіл­мей тұрғанда өңірлердегі медициналық ұйымдардың мате­риалдық-техникалық базасын теңестіру және нығайту қа­ғидаты іске асырылмаған; денсаулық сақтау нысандарын медициналық техникамен жабдықтауда бірыңғай тәсіл болмаған; медициналық техникалар пайдаланылмай тұрып қалған немесе басым көпшілігі тозуға дейін жеткен; меди­циналық техниканың жарақтану деңгейі, техникалық жай- күйі туралы шынайы, толық және егжей-тегжейлі ақпарат­тар болмаған; техникалық аппараттарды жең ұшынан жалғасып, сыбайластықпен әрі жоғары бағамен сатып алушылар көбейген; кейбір дәрі-дәрмектер халыққа жетпей жүрген; заманауи қымбат аппараттардың тілін білетін ма­мандарды оқытатын оқу орындарының саны шектеулі болған.


Бес жылдық меже


Сондықтан Мемлекет басшысының тапсырмасына сәй­кес, 2021 жылы Денсаулық сақтау министрлігі денсаулық сақтау саласын жаңғыртуға дайындық бойынша ауқымды жұмысты қолға алып, қолда бар медициналық техника паркін түгендеуді бастады. Нәтижесінде денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық техникамен жарақтандыру деңгейі 82%-ды құраса, 49% жабдықтың тозғаны анықтал­ған.


Сапасыз сервистік қызмет көрсету аппараттың дұрыс жұмыс істемеуіне, жабдықтың бұзылуына әкеп соқтырып, ал бұл өз кезегінде дұрыс диагностика жасалмауына, па­циенттер мен медициналық мекеме қызметкерлерінің қауіпсіздігіне қауіп төндіреді. Ал бұзылған аппаратты жөндету қосымша көп қаражатты керек ететіні тағы анық.



Осындай мәселелері түбегейлі шешу үшін дәрі-дәр­мектер мен медициналық бұйымдарды сатып алу үлгісі бойынша «СҚ-Фармация» ЖШС-нің базасында медицина­лық техниканы сатып алуды екі кезеңде жүзеге асыруды орталықтандыру қолға алынды. Бес жылдық кезеңге ар­налған медициналық ұйымдарды жарақтандырудың Ұлт­тық бағдарламасы әзірленіп, ол қаржыландыру көздерін ескере отырып, медициналық техникаға қажеттілікті ай­қындау жүйесіне орнықты көзқарас қалыптастыру есебі­нен медициналық көмектің сапасын жақсарту; медицина­лық жабдықтар паркін жаңарту және оның жұмыс істеу қабілетін тиісті деңгейде ұстау; ашықтығын қамтамасыз ететін және медициналық техникаға нақты қажеттілікті айқындайтын ақпараттық жүйе құруға жол ашты.



Отандық өндірушілерді қолдаймыз


Сондай-ақ, Бірыңғай дистрибьюторлық база дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды бір орталықтан са­тып алу медициналық бұйымдар өндірісін құруға немесе жаңғыртуға ниеті бар өнім берушілермен ұзақ мерзімді шарттарын жасасу мүмкіндігіне жол ашты. Бюджет қаража­тын үнемдеуге, бәсекелестікті арттыруға мүмкіндік берді. Аналогы жоқ дәрі-дәрмектер делдалдарсыз тікелей өнді­ лығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 77-бабына сәйкес, біз сөз етіп отырған Бірыңғай дистрибьютор шеңберінде дәрілік зат­тар мен медициналық бұйымдарды сатып алудың басты қағидаттарының бірі – қазақстандық фармацевтикалық нарықтың дамуына тұтастай ықпал ететін отандық тауар өндірушілерді қолдау. Бірыңғай дистрибьютор мен отан­дық тауар өндірушілер арасында 10 жылға дейінгі мерзім­ге дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жеткі­зудің ұзақ мерзімді шарттары жасалады.


Бүгінгі таңда «СҚ-Фармация» ЖШС мен 36 отандық тауар өндірушілер арасында 996 дәрілік зат пен 4018 ме­дициналық бұйымдар атауына 88 ұзақ мерзімді жеткізу келісімшарты жасалған.


Бірыңғай  орталықтандырылған  жүйе не берді?


Бірыңғай дистрибьютор жүйесі бізге не берді дегенге келер болсақ, медициналық техниканы орталықтандырыл­ған сатып алуды регламенттейтін нормативтік-құқықтық актілер әзірленіп, қабылданды; Бірыңғай фармацевтика­лық ақпараттық жүйе (БФАЖ) базасында медициналық техниканы орталықтандырылған сатып алу бойынша өтінімдерді жинау модулі әзірленді; сыбайлас жемқорлық­тың жолы кесіліп, медициналық техниканы жоспарлау және сатып алу рәсімдерінің ашықтығы қамтамасыз етіле бастады. Сервистік қызмет көрсету сапасы жақсаруда, ал ол медициналық ұйымдардың сервистік қызмет көрсетуге арналған қаражатын үнемдеуге және медициналық техни­каны пайдалану тиімділігін қамтамасыз етуге ықпал етуде. Еліміздің техникалық мамандықтар саласындағы кадрлық әлеуетін арттыруға және медициналық техника нарығын­дағы отандық тауар өндірушілердің үлесін арттыруға мүмкіндік бере бастады.



Бүгінде «СҚ-Фармация» ЖШС жанынан қоғамдық жұмыс тобы құрылған. Оның құрамына азаматтық қоғам мен бизнес-қоғамдастық өкілдері, депутаттар мен салалық сарапшылар кіреді. Жұмыс тобы азаматтық қоғамның пікірін, сындарлы сынын тыңдап, өткір мәселелерді кө­теріп, жедел шешім шығарып отырады. Сонымен қатар, қоғамдық жұмыс тобының мүшелері қоймаларға монито­ринг жүргізе алады, ауруханалар мен дәріханалардың қа­жеттіліктерін болжап, ауруханаларға дәрі-дәрмектерді жөнелту уақытын өлшей алады. Сондай-ақ, сатып алу рәсімдері мен жеткізушілермен келіссөздерге бақылаушы ретінде қатысуға құзіреті жетеді.



Әділетті Қазақстан – бұл біздің алдымызға таяу бола­шақта қойылған, елдің әл-ауқатын жақсарту жөніндегі іс-шараларды іске асыруда жылдар бойы орныққан дәс­түрлі тәсілдерден түбегейлі ерекшеленетін сапалық жағы­нан өзгеше бағдар. Бұл бағдар ішінде, әлбетте, адамның, қоғамның денсаулығын қорғайтын медицина саласы да бар.



Ерхат ЕСҚАЛИЕВ,  «СҚ-Фармация» ЖШС Басқарма төрағасы: БІЗ БӘРІНЕ АШЫҚПЫЗ


«СҚ-Фармация» ЖШС-нің алдына қойылған міндеттердің бірі – отандық әзірлемелерді қолдау және бәсекеге қабілетті фармацевтикалық өнеркәсіпті дамыту. Отандық фармацевтика­лық өндірушілерді қолдау шеңберінде ұзақ мерзімді шарттар арқылы сатып алу көлемі ұлғаю­да және болжамдар бойынша 2025 жылға қарай қолданыстағы шарттарды ескере отырып, бірыңғай дистрибьюторды сатып алудағы ТӨЖ үлесі ақшалай мәнде шамамен 50%-ды құрай­тын болады.


Фармацевтикалық кластерлерді дамыту үшін салаға Бигфарма 50 ірі ойыншыларын тарту, отандық R&D орталықтарын дамыту, сондай-ақ еркін экономикалық және индустриялық аймақтарда жаңа өндірістерді өрістету үлкен ынталандыру болмақ.


Сонымен қатар, сервистік қызмет көрсету мен кадрларды оқыту сапасы, медициналық техника нарығындағы отандық тауар өндірушілердің үлесі артуы тиіс.


Ауқымды іс-шаралар қабылданған тағы бір бағытымыз – Бірыңғай дистрибьютор қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету. Азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылды жақсарту және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің қоғамдық маңызды мәсе­лелері бойынша ашықтықты қалыптастыру мақсатында азаматтық қоғамның пікірін білдіру алаңы ретінде «СҚ-Фарма­ция» қоғамдық жұмыс тобы құрылды.


 


Мақала «СҚ-Фармация» ЖШС-нің баспасөз


қызметінің мәліметтері негізінде әзірленді.


Дайындаған Нұржамал ӘЛІШЕВА.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:10

18:45

18:02

17:43

17:39

17:31

17:20

17:17

17:05

16:54

16:41

16:15

16:05

15:56

15:39

15:21

15:14

14:45

14:40

14:34

14:07

13:47

13:30

12:58

12:32