Үйлену оңай, үй болу қиын: статистика не дейді?

Үйлену оңай, үй болу қиын: статистика не дейді? сурет: ЖИ алынды

15 мамыр – Халықаралық отбасы күні. Қазақта отбасы – қоғамның іргетасы, ұрпақ сабақтастығының өзегі. Дегенмен кейінгі жылдары демографиялық және әлеуметтік көрсеткіштер көңіл көншітпейді. Бұл туралы статистика не дейді? Қазақстанда қанша жұп жыл сайын неке қияды? Толығырақ aqshamnews.kz материалында.

Бұдан бір ай бұрын АХАТ органдары былтырғы көрсеткіштерді ұсынды. 2024 жылы 123,6 мың неке тіркеген, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 2,2 пайызға артық.

Бір жылда қанша неке қиылған?

Ал 2020–2024 жылдар аралығында Қазақстанда 500 мыңнан аса адам неке қиған. Бұл кезеңде ең жоғары көрсеткіш 2021 жылы тіркеліп, 140 мың жұп шаңырақ көтерген. Алайда кейінгі жылдары бұл көрсеткіш біртіндеп төмендеген: 2024 жылы 123,6 мың неке тіркелген. Ал 2025 жылдың алғашқы үш айында бар болғаны 22,5 мың неке қиылған.

Елімізде қанша отбасы бар?

2021 жылғы Ұлттық халық санағының нәтижесіне сәйкес, елімізде 5,5 миллион отбасы бар. Бұл кейінгі он жылда 1,1 миллионға көбейгенін көрсетеді.

  • Отбасын құрғандардың ішін ерледердің 78 пайызы және әйелдердің 79,1 пайызы некеге алғаш рет тұрған
  • ажырасқаннан кейін қайта үйленген ерлердің үлесі – 20,8 пайыз, тұрмысқа шыққан әйелдерде –19,4 пайыз.

Географиялық ерекшелік

Қалалық жерлерде 82,1 мың неке, яғни 66,4 пайыз, ауылдық жерлерде 41,5 мың неке, яғни 33,6 пайыз қиылған.

Алғаш рет үйленетіндердің орта жасы қандай?

Алғаш неке құрған ерлердің орта жасы 27 болса, әйелдер үшін – 25 жас.

Неке жылдың қай айында жиі тіркеледі?

2024 жылы неке жаз айларында ең көп тіркелген:

  • маусым – 11 675,
  • шілде – 13 739,
  • тамыз – 12 936 бірлік.

Ажырасу бойынша статистика 

Бұл көрсеткіш те алаңдатады. 2019 жылы елімізде 59 мың ажырасу тіркелсе, 2024 жылы бұл көрсеткіш 40 мыңғадейін азайған. Яғни, кейінгі бес жылда ажырасу 33 пайызға төмендеген. Алайда зерттеу нәтижесі ажырасулардың 35 пайызға жуығы некеде бес жылға жетпей өмір сүрген отбасылардың үлесінде екенін көрсетті.

Қазақстандық қоғамдық даму институты (КИОР) жүргізген зерттеулерге сәйкес, отбасылардың бұзылуына әсер ететін негізгі себептер әлеуметтік және психологиялық сипатта болады.

  • Ажырасулардың 61,7%-ы ішімдік пен есірткіге тәуелділікпен байланысты болса,
  • 51,1%-ында тұрмыстағы зорлық-зомбылық тіркелген.
  • Сонымен қатар, 47% – опасыздық,
  • 38,4% – құмар ойындарға тәуелділік ажырасудың басты себептері ретінде көрсетілген.

Қазіргі жастардың отбасылық өмірге деген көзқарасы өзгеріп жатыр. Оқуға, мансапқа, қаржылық тәуелсіздікке ұмтылып, отбасын құруды кейінге қалдыру сияқты үрдіс кең таралып келеді. Демографиялық жағынан алғанда, қазіргі неке жасындағы жастар – 1995–2000 жылдары туған буын. Бұл кезеңде елде бала туу деңгейі төмен болған. Сондықтан неке санының азаюы тек әлеуметтік емес, демографиялық себептерге де байланысты.

КИОР мамандары отбасылық институтты сақтау үшін нақты шаралар қажет екенін айтады. Олардың қатарында тәуелділіктің алдын алу, отбасылық мәдениетті дамыту, әлеуметтік жауапкершілік пен қолдауды күшейту секілді бағыттар бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

16:24

16:16

16:05

16:01

15:39

15:37

15:33

15:31

15:28

15:25

15:21

14:51

14:43

14:10

13:06

13:01

11:14

11:10

11:06

11:03

10:59

10:27

10:00

09:48

09:42