Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Керек кеңес / Тұмаудан сақтану жолдары

Тұмаудан сақтану жолдары

Керек кеңес 16.10.2023, 05:33 1,759
Тұмаудан сақтану жолдары
Сурет: Rostovchanka-media.ru

Қоңыр күздің салқыны басталысымен, ауа райы жиі құбылады. Сәйкесінше мұндай кезеңде жедел респираторлы вирусты инфекциясы, тұмау белең алады.


Одан сақтану жолы қандай?


 Kazinform ақпараттық агенттігінің ақпаратына сүйене отырып, Almaty-akshamy.kz Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Динара Жаңабергенованың кеңестерін ұсынады.




«Тұмау жыл сайын көптеген елде эпидемиялық сипатта таралады. Қазақстанда өзге елдердегі секілді тұмау және ЖРВИ - денсаулық сақтаудың өзекті мәселесінің бірі.
Тұмау әдетте асқынуымен қауіпті екені белгілі. Ең жиі кездесетін тұмау ауруының асқынуы – пневмония. Сондай-ақ, асқынуға байланысты бронхит, синусит, отит, миозит, миокардит секілді ауру түрлері тіркелуі мүмкін. Бұл ауру 2 жасқа дейінгі балалар, созылмалы ауруы бар науқастар және қарттар арасында ауыр өтеді. Сондықтан респираторлық аурулардың алғашқы белгісі пайда болған кезде өзін-өзі емдеумен айналыспай, тез арада аймақтық дәрігерлерді үйге шақыртып, дер кезінде ем алу қажет», - дейді маман. 



Маман тұмаудың алдын алу үшін алдымен иммунитетті көтеру үшін салауатты өмір салтын сақтануға, жеке бас гигиенасын орындауға кеңес береді.  Сондай-ақ, эпидмаусым кезінде көпшілік орындарда, нашар желдетілетін жерлерде бетперде киіп жүрген артық болмайды. Оған қоса арақашықтықты сақтау, қолды жиі сабындап жуып, антисептиктерді пайдалану да маңызды. Дәрумендерге бай тағамдарды пайдаланып, салауатты өмір салтын ұстану әрбір азаматтың денсаулығын нығайтуға әсерін тигізеді. Бұл сақтық шаралары тек тұмау мен ЖРВИ-дан ғана емес, өзге де инфекциялық ауруларды жұқтырып алу қаупін төмендетеді.


ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №612 қаулысымен бекітілген медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде міндетті профилактикалық екпелерді жүргізу қағидасына сәйкес жыл сайын тұмауға қарсы вакцинациялау тиісті контингенттерге тұрғылықты мекен-жайы бойынша емханаларда тегін жүргізіледі. Ол ең алдымен медицина қызметкерлері, медициналық ұйымда диспансерлік есепте тұрған жеткіншектер және балалар үйлерінің, сәбилер үйлерінің тәрбиеленушілері, қарттар үйінде тұратын азаматтарға жүргізіледі. Сондай-ақ эпидемиологиялық көрсетілім бойынша жүзеге асады. Бұдан бөлек, аталған контингентте қамтылмаған адамдар екпені ақылы түрде салдыруына болады. Бүгінгі күні екпені ақылы түрде алуға болатын емхана бекітілу үстінде, ол туралы қосымша хабарланады.


Сондай-ақ, жұмыс орындарында ұжымдық иммунитетті қалыптастырудың маңызы зор. Департамент тарапынан тұмау мен оның асқынуларының алдын алу үшін ауруға байланысты ұзақ мерзімді жұмысқа қабілеттілігін жоғалту мен ауруханаға жатқызуды болдырмау үшін ұжымдық иммунитетті қалыптастыру мәселесі тұрғындар арасында насихатталып келеді. Қысқасы, мамандар  ағзаны асқынудан қорғау және тұмау эпидемиясының денсаулық салдарын азайту мақсатында жұмысшылар мен қызметкерлерге вакцинациялауды ұсынады.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#тұмау #сақтану #денсаулық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика