Қ.Асанбектің тек бір ғана тәжінің өзі 500 мың доллар тұрады.
Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті (МҰҚК) Қамшы Асанбектің (Көлбаевтың) ұйымдасқан қылмыстық тобын жоюдың алдын ала нәтижелері туралы ақпарат таратты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.
Бұған дейін хабарланғандай, биылғы 4 қазанда қарулы қарсылық көрсету кезінде «вор в законе» деп аталатын ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі Қамшы Асанбек ұсталды.
Басталған тергеу барысында осы қылмыстық топтың 40-тан астам белсенді мүшелері мен көшбасшылары ұсталды, олардың Қ.Асанбек пен оның қол астындағылардың бопсалауы мен рейдерлігі, сондай-ақ басқа да ауыр және аса ауыр қылмыстар жасау нәтижесінде алынған мүліктер мен активтерді заңдастыруға қатысы бар.
Қ. Асанбек бастаған ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметін талдау 2008 жылдан бастап оның өзін және оған жақын адамдарды заңсыз байыту мақсатымен қылмыстық империяны жоспарлы және мақсатты түрде құрғанын көрсетеді.
Қ. Асанбектің қылмыстық ортадағы жағдайы күшейген сайын оның заңсыз қаржылық активтері Қырғызстандағы және одан тысқары аумақтардағы орта және ірі бизнес өкілдері, адал кәсіпкерлер есебінен пропорционалды түрде өсті.
Қ.Асанбектің қылмыстық іс-әрекеттегі қаржылық мүдделері ерекше назар аударуға тұрарлық, бұл қылмыстық ұйымда нақты иерархияны орнатумен қатар, оларды заңды бизнес артында жасыра отырып, көптеген табысты бизнес құрылымдарын құруға мүмкіндік берді.
Қ. Асанбектің қылмыстық мәртебесі мен шексіз қаржылық ресурстары, сондай-ақ әр уақытта жазаланбай келуі оған елдегі саяси процестерге әсер етуге мүмкіндік берді, бұл ұлттық қауіпсіздікке елеулі қауіп төндірді және қазіргі құқықтық мемлекетте оған жол берілмеді.
Кейбіреулер, соның ішінде жоғары лауазымды шенеуніктер мен саясаткерлер, Қ.Асанбек тобының қылмыстық мүмкіндіктерінен қорқып, оның ықпалында болды, ал кейбіреулері одан достық пен қылмыстық биліктің қолдауын іздеді.
Қ. Асанбектің қылмыстық мәртебесі және қылмыстық қызметі оның заңсыз баюына және долларлық миллиардер болуына, ал оның туыстары мен жақындарының қымбат активтерді, соның ішінде оларды заңды түрде сатып алу үшін нақты қаржылық қаражаты жоқ шетелде иемденулеріне мүмкіндік берді.
Қылмыстық активтерін қорғау үшін Қ. Асанбек және оның жақындары заманауи атыс қаруымен және құрал-жабдықтармен жабдықталған күзет агенттіктерінің атын жамылған қарулы топтар құрды, олардың бәрі тергеу барысында толығымен тәркіленген.
Қылмыстық топ жетекшісі Қ. Асанбектің, оның туыстары мен жақын адамдарының заңсыз активтеріне 850-ден астам жылжымайтын мүлік, атап айтқанда сәнді сарайлар, коттедждер, элиталық клуб үйлері, салынып жатқан нысандардағы көптеген пәтерлер, демалыс орталықтары, пансионаттар, мейрамханалар, жер учаскелері, ат қоралар, аңшылық жерлер, 60-тан астам қымбат люкс автокөліктер, оның ішінде брондалғандары да бар, зергерлік бұйымдар және басқа да мүліктер кіреді.
Тергеу мәліметтері бойынша, Қ. Асанбек мүлкінің бір бөлігі мемлекеттік меншіктен заңсыз шығарылған және іс жүзінде адал кәсіпкерлерден алынған. Оларды мүдделі мемлекеттік органдар мен зардап шеккен адамдарға қайтару бойынша жұмыс жүргізілетін болады.
МҰҚК қылмыстық жолмен алынған мүліктің бір бөлігін мемлекет кірісіне айналдыру рәсімін бастады. Салынып жатқан екі нысанның өзінде Қ. Асанбек 700-ден астам пәтерге иелік еткен, олар енді мемлекет меншігіне өтеді.
Қ.Асанбек тобын заңсыз байытудың тағы бір көзі пенитенциарлық жүйе мекемелерінде ұсталатын адамдардың, олардың туыстары мен қарапайым кәсіпкерлердің «ұрылар қазынасын» толықтыру түріндегі ақшаларын жүйелі түрде жинау болды.
Бұдан былай МҰҚК осындай қылмыстық тәжірибені жояды және тиісінше осы мәселеге ерекше назар аударады, ал әрбір факт бойынша Ұлттық қауіпсіздік органдарының қатаң реакциясы болады.
Қ.Асанбектің заңсыз жолмен алынған барлық активтерінің бұғатталған жиынтық құны шамамен 1 млрд АҚШ долларын құрайды.
Бұл Қ.Асанбектің және оның айналасындағылардың заңсыз активтерін іздеу жөніндегі жұмыстың бастапқы нәтижелері, ол ел ішінде де, одан тыс жерлерде де, атап айтқанда Ресейде, Қазақстанда, Грузияда, Түркияда, БАӘ-де (Дубай) және Жапонияда да жалғасатын болады.
МҰҚК ұйымдасқан қылмысқа және оның елдегі көріністеріне қарсы ымырасыз күрес оның толық жойылғанға дейін жалғасатынын еске салады, оның нәтижелері тұрақты негізде жұртшылыққа жеткізілетін болады.
Жаңа қылмыстық топтар пайда болған жағдайда ұлттық қауіпсіздік органдары қолданыстағы заңнама шеңберінде, олардың көшбасшылары таратылғанға дейін қатаң шаралар қабылдайтын болады.
Осыған байланысты МҰҚК ұйымдасқан қылмыс көшбасшылары мен белсенді мүшелерінің заңсыз әрекеттерінен зардап шеккен барлық азаматтар мен бизнес-қоғамдастық өкілдерін тиісті шаралар қабылдау, әділеттілікті қалпына келтіру және зардап шеккендерге келтірілген залалды өтеу үшін МҰҚК-не хабарлауға шақырады. Байланыс телефондары: 66-04-75, 62-65-04, 0702-68-28-68