AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Тоқаев: «Көршілік қатынас – қазақтың қанына сіңген...

Тоқаев: «Көршілік қатынас – қазақтың қанына сіңген құндылық»

Әлеумет 24.04.2025, 12:39 631
Тоқаев: «Көршілік қатынас – қазақтың қанына сіңген құндылық»
akorda.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясында сөйлеген сөзінде көршілік қарым-қатынас пен аймақтық тұрақтылыққа қатысты ұстанымын айқындап, қазақ халқының тату көршілік дәстүрін қазіргі заманғы дипломатиялық саясатпен сабақтастыра білді. Бұл туралы Aqshamnews.kz сайты хабарлайды.

 

Мемлекет басшысы қазақ халқының дәстүрлі құндылықтарының бірі – көршімен тату тұру екенін атап өтті. Бұл ұғым тек салт-дәстүрде емес, дінімізде де бекітілген қағида ретінде сипатталды.

"Қазақ қашанда көршісін қадірлей білген. Қуанышта да, қиындықта да көршісіне сүйенген, көршінің қасынан табылған. ‘Көрші ақысы – тәңір хақысы’ деген ұғым дінімізде және дәстүрімізде бар. Бұл – бізге атадан қалған өсиет, анадан берілген қасиет", – деді Тоқаев.

Ол қазіргі таңда да бұл дәстүрдің жалғасып келе жатқанын, көпұлтты қоғамымызда әртүрлі этнос өкілдерінің бейбіт қатар өмір сүріп жатқанын мысалға келтірді.

Президент Қазақстанның көрші елдермен тату, сындарлы, бауырластық негіздегі байланысын жоғары бағалап, бұл бағытта ешқандай түйткілді мәселе жоқ екенін баса айтты.

"Ресей – Қазақстанның бұрыннан келе жатқан негізгі стратегиялық серіктесі әрі сенімді одақтасы. Қытай елімен ықпалдастық тамыры да тереңде жатыр. Қытай халқы қазақ халқына ешқашан зиян келтірген жоқ, болашақта да зиян келтірмейді", – деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан және Әзербайжанмен арадағы рухани, тарихи бауырластыққа тоқталып, бұл елдермен ынтымақтастықтың сенім мен сыйластыққа негізделгенін жеткізді.

"Алатауды тең жайлаған қырғыздар – бір туған бауырларымыз. Ежелден еншілес өзбек ағайынды өз ағам деп қадір тұтамыз. Түрікмендерді туыс санап, шын жүректен құрметтейміз. Қарт Каспийдің жағасындағы әзербайжан еліне деген ықыласымыз да ерекше", – деді Тоқаев.

Президент Қазақстан мен Ресей арасындағы құрлықтағы ең ұзын шекараның бейбіт түрде шегенделуін ерекше мысал ретінде атап өтті. Сонымен қатар, Орталық Азиядағы мемлекеттердің де шекара мәселелері бойынша тарихи шешімдерге қол жеткізгенін қуанышпен жеткізді.

"Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан ұзақ жыл бойы шешімін таппаған шекара мәселесі бойынша ортақ мәмілеге келіп, тарихи келісімге қол қойды деп айтуға болады. Біз бауырлас елдер үшін қуанамыз, оларды әрдайым қолдаймыз", – деді ол.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #шекара #татулық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ертең Алматыда жалпықалалық сенбілік өтеді

Бүгін 19:28

Абай алаңында әжелер подиумға шығып, сән көрсетті

Бүгін 18:01

Алматыда «KitapFest-2026» ауқымды екі күндік кітап фестивалі өтті

Бүгін 17:46

Көктем мерекесі Алматы төрінде: Абай алаңындағы концерт пен қолөнер жәрмеңкесі

Бүгін 17:41

Алматыдағы Абай алаңындағы мерекенің көркін кіргізген концерт әлі де жалғасып жатыр

Бүгін 16:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика