Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Батыста оқшаулану күшейсе, Қазақстанда үйлесім орн...

Батыста оқшаулану күшейсе, Қазақстанда үйлесім орнаған

Әлеумет 24.04.2025, 12:36 700
Батыста оқшаулану күшейсе, Қазақстанда үйлесім орнаған
ҚХА

Қазақстан – күллі қазақтың тарихи Отаны және ұлтаралық келісімнің жарқын үлгісі

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясында сөйлеген сөзінде ел бірлігінің көпқабатты құрылымын айқындай отырып, Қазақстанның ішкі және сыртқы біртұтастығын сипаттайтын маңызды ойларымен бөлісті. Бұл туралы Aqshamnews.kz сайты хабарлайды.

 

Мемлекет басшысы әлемнің әр түкпірінде тұрып жатқан қазақ диаспорасына ерекше тоқталып, олардың ұлттық болмысты сақтау жолындағы табандылығына ризашылық білдірді.

"Қазақстан – тағдырдың жазуымен шетте туып, шетте өскен барша қазақтың тарихи Отаны. Шетелдегі қазақтардың басым көпшілігі ана тілі мен ата дәстүрін берік ұстанып келеді. Ел бірлігі – ең алдымен, күллі қазақтың бірлігі", – деді Президент.

Ол ел бірлігінің тағы бір тірегі – Қазақстанды мекендеген түрлі этностар арасындағы татулық екенін атап өтті. Бұл – Қазақстан қоғамының негізгі тұғырына айналған құндылық.

"Екіншіден, ел бірлігі – қасиетті қазақ жерін мекен еткен барша этностың бірлігі. Біз бұл туралы үнемі айтамыз", – деді Тоқаев.

Президент еліміздегі діни мерекелердің бейбіт түрде аталып өтуі – ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің нақты көрінісі екенін атап өтті. Ол жуырда аталып өткен православ және католик Пасхасын мысалға келтіріп, бұл оқиғаның ерекше мағынаға ие екенін айтты.

"Бірер күн бұрын достық пен бірлік рухында Пасха мерекесін атап өттік... Биыл православ және католик қауымдарының Пасха мейрамы қатар келді. Мұның символдық мәні зор. Бұл – сирек қайталанатын құбылыс", – деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, еліміздегі православ шіркеуінің митрополиті Александр жоғары мемлекеттік марапат – І дәрежелі «Достық» орденімен марапатталғанын атап өтті. Бұл мемлекет тарапынан діни конфессияларға деген құрметтің айқын дәлелі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы этносаралық және дінаралық үйлесімнің халықаралық деңгейде жоғары бағаланып отырғанын жеткізді.

"Шетелдік қонақтар Қазақстанда түрлі салт-дәстүрдің бір-бірімен үйлесім тапқанына таң қалады. Бұл олар үшін мультикультурализм және мультиэтникалық тұжырымдамалар тоқырауға ұшырап, тіпті, жоққа шығарылып жатқан кезеңде қайран қаларлық құбылыс", – деді ол.

Бұл пікірлер Қазақстанның өз жолы бар, тең құқық пен татулыққа негізделген қоғамдық үлгі қалыптастырып отырғанын көрсетеді.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Қазақ #тарихи отан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Азия чемпионатында велотректен екінші алтын медаль алды

Бүгін 17:21

Алматыда салынып жатқан әкімшілік ғимараттың шатыры өртенді

Бүгін 16:00

Қазақстанның бірқатар өңірінде көшкін қаупі әлі де жоғары

Бүгін 15:08

Қызылордада 121 адамды алдаған интернет-алаяқ сотталды

Бүгін 14:10

Испанияда эвтаназия құқығына қол жеткізген 25 жастағы қыз көз жұмды

Бүгін 12:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика