Тарихи сәт: “Қайрат” алғаш рет ЧЛ негізгі кезеңіне өтті

  • 00:45, 27 тамыз 2025
Тарихи сәт: “Қайрат” алғаш рет ЧЛ негізгі кезеңіне өтті “Қайрат” ФК

«Қайрат» маусымдағы басты міндетін орындап, плей-офф кезеңінің қарымта ойынындағы жеңістің арқасында Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне жолдама алды, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Ойын алғашқы минуттардан-ақ қарқынды басталды. «Селтик» жеңіс үшін келгенін жасырмай, алға ұмтылды. Алайда жас қақпашы Темірлан Анарбеков қақпасын сенімді қорғап, қарсыластардың шабуылына мүмкіндік бермеді.

Алматылықтардың қорғанысы шотландиялықтарға оңай шағыла қоймайтын қамалға айналды. Трибуналардан есіп тұрған жанкүйерлердің қызу қолдауы «қайраттықтарды» алға жетеледі, тек бір дәл соққы жетпей тұрды. Жолдаманың тағдыры екі команда да жеңіске лайық болған нағыз айқаста шешілді.

Екінші таймның аяғына қарай «Селтик» жылдам әрі қауіпті қарсы шабуыл ұйымдастырды, бірақ форвард Маэда Анарбековтің қақпасын дәл көздей алмады.

Негізгі уақыт 0:0 есебімен аяқталып, матч экстра-таймға өтті. Қосымша уақытта да екі команда белсенді ойнап, қауіпті сәттер кезек-кезек өтті. Бірде Анарбеков, бірде Шмейхель қақпаларын құтқарып отырды.

Екінші қосымша таймда шотландиялықтар алматылықтарды қыспаққа алып, бірнеше қауіпті мүмкіндік жасады. Бірақ Анарбеков пен оның серіктерінің жанқиярлық ойыны олардың бар күшін зая қылды. 120 минуттан кейін де таблодағы есеп өзгермей, жеңімпазды пенальти сериясы анықтады.

Алғашқы соққыны «Селтик» орындады, бірақ Анарбеков қақпасын аман сақтап қалды — трибуналар дүр сілкінді.

Громыка тепкен доп қақпа маңдайшасына тиіп кері қайтты. Алайда көп ұзамай Анарбеков екінші пенальтиді де тойтарып, Мартынович алғашқы гол соқты.

Үшінші соққыны шотландтар дәл орындады, бірақ Арад та мүлт кеткен жоқ. Қонақтар тағы есепті теңестірді.

Сорокин гол соқты. Содан соң Анарбеков тағы бір соққыны қайтарды… Есеп — 3:2.

Осылайша, «Қайрат» УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне жолдама алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

00:45

21:59

21:30

17:59

17:54

17:30

17:25

16:49

16:32

16:32

16:22

15:57

15:52

15:18

15:00

14:43

14:42

14:30

14:25

14:23

14:18

13:17

13:04

12:55

12:30