конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Ресми бөлім / Тоқаев Тәжікстан Маджлиси Оли Маджлиси милли төрағ...

Тоқаев Тәжікстан Маджлиси Оли Маджлиси милли төрағасын қабылдады

Ресми бөлім 26.08.2025, 17:30 647 yakiya
Тоқаев Тәжікстан Маджлиси Оли Маджлиси милли төрағасын  қабылдады
Ақорда

Кездесуде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тәжікстан Маджлиси Оли Маджлиси милли төрағасы Рустами Эмомали қазақ-тәжік стратегиялық серіктестігі және одақтастық қатынастарын парламентаралық байланыстарды дамыту тұрғысынан талқылады.

Мемлекет басшысы екіжақты ынтымақтастықтың даму қарқынына жоғары баға берді. Сондай-ақ Рустами Эмомалидің сапары Қазақстан мен Тәжікстанның өзара ықпалдастығын одан әрі нығайтуда маңызды екеніне тоқталды.

Тәжікстан Парламенті жоғары палатасының спикері қонақжайлық танытқаны үшін Мемлекет басшысына алғыс айтып, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонның сәлемін жеткізді.

Рустами Эмомали Қазақстан Тәжікстанның сенімді стратегиялық серіктесі және одақтасы екенін атап өтті. Сонымен қатар Мемлекет басшысын Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығымен құттықтап, халықтарымыздың игілігі үшін екі елдің парламенттері арасында конструктивті және іскерлік байланыстар жолға қойылғанына назар аударды.

Кездесуде сауда-экономикалық ықпалдастықты, парламентаралық дипломатия мен су саласындағы байланысты арттырудың өзекті мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар екіжақты қарым-қатынас достық және өзара қолдау рухында дамып келе жатқаны айтылды.

Мемлекет басшысы екіжақты стратегиялық серіктестікті нығайтуға өлшеусіз үлес қосқаны үшін Рустами Эмомалиді ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тоқаев #тәжікстан #Рустами Эмомали
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жастар жаңартылған конституцияның күшіне енуін қолдайды

Бүгін 11:29

Мақсат Жақау: «Жаңартылған конституция – Қазақстанның қазіргі замандағы сын-қатерге берген жауабы»

Бүгін 11:27

Алматыда бір ай ішінде экологиялық талаптарды бұзған 200-ге жуық көлік анықталды

Бүгін 11:08

Нұржан Жақыпов: «Жаңартылған конституция мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара байланысын арттырады»

Бүгін 11:03

Ғазиз Төлебек: Жаңартылған конституция туризмді дамытуға сеп болады

Бүгін 11:01
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);