AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жылына неше рет ақысыз демалысқа шығуға болады?

Жылына неше рет ақысыз демалысқа шығуға болады?

Әлеумет 26.08.2025, 14:42 813 yakiya
Жылына неше рет ақысыз демалысқа шығуға болады?
depositphotos.com

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде еңбекақы сақталмайтын демалыс 97-баппен реттеледі.

BAQ.KZ-ке түсініктеме берген заңгер Сабира Салимованың айтуынша, мұндай демалыстың ұзақтығы да жұмыс беруші мен қызметкердің келісімі арқылы анықталады.

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде еңбекақы сақталмайтын демалыс 97-баппен реттеледі. Аталған бапқа сәйкес, еңбек шарты тараптарының келісімі бойынша, қызметкердің өтініші негізінде оған еңбекақы сақталмайтын демалыс берілуі мүмкін, - деп түсіндірді заңгер.

Яғни заңнамада мұндай демалысты қанша рет алуға болатынына немесе оның ұзақтығына шектеу қойылмаған.

Бұл жерде бастысы – екі тараптың келісімі. Дегенмен, жұмыс берушінің мұндай демалысты беруден бас тартуға құқығы бар. Алайда заңда жұмыс беруші міндетті түрде еңбекақы сақталмайтын демалыс беретін жағдайлар да қарастырылған. Оның ұзақтығы 5 күнтізбелік күнге дейін болуы мүмкін, - дейді Сабира Салимова.

Бұл жағдайларға мыналар жатады:

неке қию;
баланың дүниеге келуі;
жақын туысының, сондай-ақ жұбайының немесе оның жақын туыстарының (аға-інілері, әпке-қарындастары, ата-анасы, балалары, әжесі, атасы, немерелері) қайтыс болуы.
Сонымен қатар еңбек немесе ұжымдық шарттарда көзделген өзге де жағдайларда демалыс берілуі мүмкін.

2024 жылғы маусым айынан бастап жаңа норма енгізілді. Енді тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге арнайы әлеуметтік қызмет көрсететін ұйымдарда болған кезеңде жұмыс беруші еңбекақы сақталмайтын демалысты міндетті түрде ұсынуға тиіс. Мұндай демалыстың ұзақтығы 30 күнтізбелік күннен аспайды.

Бұл жағдайда қызметкер жұмыс берушіге демалыс мерзімін көрсете отырып, жазбаша хабарлама береді және арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсету туралы келісімшарттың көшірмесін қоса тапсырады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#демалыс #ақы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Розыбакиев көшесінің бір бөлігінде қозғалыс уақытша шектеледі

Бүгін 20:17

«Логотип әзірлеу және оны презентациялау» байқауы: шығармашылық пен кәсібиліктің тоғысуы

Бүгін 19:13

«Вечерний Алматы» газетінің жарық көргеніне 90 жыл толды

Бүгін 18:27

Саз әлемінің сардары дүниеге келген күн: Ахмет Жұбанов туралы сіз білмейтін 10 дерек

Бүгін 18:02

Алматыда инклюзия жүйесін құру жолдары талқыланды

Бүгін 17:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика