AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Бүгін Татарстанда «Хан Сұлтан. Алтын Орда» операсы...

Бүгін Татарстанда «Хан Сұлтан. Алтын Орда» операсының премьерасы өтеді

Мәдениет 26.08.2025, 15:00 560 Сұлу
Бүгін Татарстанда «Хан Сұлтан. Алтын Орда» операсының премьерасы өтеді
Владимир Акуленко

25 тамызда «Татар-информ» ақпарат агенттігінде Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының гастрольдері мен Хамит Шанғалиевтің «Хан Сұлтан. Алтын Орда» операсының премьерасына арналған баспасөз конференциясы өтті.

26 тамыз күні Мұса Жәлел атындағы Татар мемлекеттік академиялық опера және балет театрының сахнасында Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының гастрольдік бағдарламасы аясында Хамит Шанғалиевтің «Хан Сұлтан. Алтын Орда» операсының премьерасы ұсынылады.

Гастрольдер Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орайластырылып, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Татарстан Республикасы Мәдениет министрлігінің және Қазақстан Республикасының Татарстандағы Бас консулдығының қолдауымен өтуде.

Операның негізгі оқиғасы — Алтын Орданың құрылу кезеңі. Басты кейіпкер — Хан Сұлтан, Жошы ханның үшінші жары, ұлы хан Беркенің анасы. Ол өзінің ақыл-парасаты, мінезі мен саяси көрегендігі арқасында Алтын Орда тарихында маңызды орын алып, өз ұлдарын Жошы Ұлысының ірі мемлекет қайраткерлеріне айналдырды.

Алтын Орданың тарихи мұрасы — түркі халықтарын біріктіретін рухани қазына. Осыған байланысты қойылымға түркітілдес елдердің ғылыми орталықтары мен ғалымдары үлкен үлес қосты. Ғылыми кеңесшілер қатарында: Алтын Орда және татар хандары зерттеу орталығының жетекшісі Ильнур Миргалиев, Ыстамбұлдағы Мармара университетінің профессоры Ильяс Кемалоғлу және тарих ғылымдарының кандидаты Нұрлан Атығаев болды.

Жобаның авторы — Айнұр Көпбасарова. «Хан Сұлтан» операсы драматург Алмас Нүсіптің шығармасы негізінде жазылып, Маралтай Ыбыраевтың сахналық нұсқасында ұсынылды.

Операның режиссері — Давиде Ливерморе (Италия). Ол Luciano Pavarotti, Plácido Domingo, José Carreras, Mirella Freni, Zubin Mehta сынды әлемге әйгілі орындаушылармен және Luca Ronconi, Андрей Тарковский, Чжан Имоу секілді режиссерлермен жұмыс істеген. Ливерморе Миландағы La Scala, Рим операсы, Туриндегі Teatro Regio, Генуядағы Carlo Felice сияқты Еуропаның ең беделді сахналарында спектакль қойған.

Қоюшы-дирижер — Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұржан Байбусинов, ол Абай атындағы ҚазҰТОБ-тың бас дирижері әрі Мұса Жәлел атындағы Татар мемлекеттік академиялық опера және балет театрының дирижері болып табылады.

Қойылым классикалық опера бола тұра, заманауи технологияларды кеңінен қолданады. Жылдам дамып жатқан заманауи дәуірге сай видеоконтент те ерекше қолданылады. Өмір символы саналатын «тополь бұтағы» сахнада ерекше шешіммен көрініс тауып, көрерменге терең әсер қалдырады.

Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры үшін бұл — Татарстандағы алғашқы гастроль. Қысқа уақыттың ішінде барлық 999 билет толықтай сатылып, АНШЛАГ болды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Хан Сұлтан. Алтын Орда #татарстан #опера
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Жеңіс күніне арналған велошеру өтті

Бүгін 18:12

ІІМ табиғи және тарихи нысандарды бүлдіруге қатысты ескерту жасады

Бүгін 17:19

Бүгін Қазақстанда негізгі ҰБТ басталды

Бүгін 16:57

Атырауда Қарабалиндер отбасының өлімі: күдікті кінәсін мойындады

Бүгін 14:36

Алматы Gault&Millau-мен бірге өңірдің жаңа гастрономиялық астанасына айналып келеді

Бүгін 12:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);