Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Қабылдау бөлімінен бастап ота бөлмелеріне дейін: м...

Қабылдау бөлімінен бастап ота бөлмелеріне дейін: мегаполис клиникалары қалай жаңартылып жатыр?

Барлығы 26.08.2025, 14:43 454
Қабылдау бөлімінен бастап ота бөлмелеріне дейін: мегаполис клиникалары қалай жаңартылып жатыр?
Алматы әкімдігі

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарушы Марат Пашимов мегаполистегі медициналық ұйымдарды аралап шықты.

Инспекция барысында ол қалалық клиникалық ауруханалардағы қайта жаңғырту жұмыстарымен және емханалардың қызметімен танысты. Оның ішінде қылмыстық-атқару жүйесіне қарасты мекемелерге қызмет көрсететін ұйымдар да бар.

Негізгі нысандардың бірі – №4 қалалық клиникалық аурухана. Мұнда инфрақұрылымды жаңғырту және 400 мыңнан астам тұрғынға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыру мақсатында ауқымды реконструкция жүріп жатыр. Бүгінде аурухана тәулік бойы жұмыс істейді: жылына 12,5 мыңға дейін ота жасалады, ал қабылдау бөліміне күніне 300-ге жуық науқас жүгінеді.

Құрылыс кезінде медициналық көмек үзілмеген: пациенттерге арналған бөлек маршруттар ұйымдастырылған, ангиограф аппаратына «жасыл дәліз» жұмыс істейді, инженерлік жүйелер тұрақты бақылауда тұр.

Сапар барысында Марат Пашимов мердігерлермен кездесіп, қайта жаңғырту барысын тұрақты бақылауда ұстап, медициналық мекеменің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуді тапсырды.

Ерекше назар №24 қалалық емханаға аударылды. Бұл емхана 2022 жылдан бері Алматыдағы тергеу изоляторында және түзету мекемелерінде отырғандарға медициналық көмек көрсетіп келеді. Қалада осындай үш мекеме жұмыс істейді — №72, №11 және №13. Оларда 2000-нан астам адам бар.

№72 мекемесіне барған кезде Марат Пашимовқа заманауи медициналық бөлім көрсетілді. Ол УДЗ-ның жоғары дәлдікті аппаратымен, рентген жабдығымен, стоматологиялық қондырғымен, флюорографпен, фетальды монитор және медициналық көмек көрсетуге арналған дефибриллятормен жабдықталған.

Мұнда 38 маман жұмыс істейді, оның ішінде 17 дәрігер бар. Медициналық бөлімде клиникалық-диагностикалық зертхана, күндізгі стационар, дәріхана қоймасы және телемедициналық кеңес өткізу мүмкіндігі қарастырылған.

Бұл пациенттерге кең ауқымды медициналық қызмет көрсетуге және оларды мекемеден тыс жерге шығару қажеттілігін азайтуға мүмкіндік береді.

Барлық түзету мекемелерінде жалпы практика дәрігерлері күн сайын қабылдайды, ал тар бейінді мамандар аптасына үш рет қабылдау жүргізеді.

Мұнда тұрақты түрде профилактикалық шаралар мен скринингтер жүргізіледі. Сапар қорытындысы бойынша Пашимов қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде медициналық көмекті қамтамасыз ету жұмысын жалғастырып, профилактика бағытын және телемедицинаны қолдануды күшейтуді тапсырды.

Одан кейін Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы №20 қалалық емханаға барды. Ғимаратқа жүргізілген күрделі жөндеуден кейін ол әрлеу және инженерлік жұмыстардағы бірқатар кемшіліктерге, сондай-ақ іргелес аумақты абаттандыруға қатысты мәселелерге назар аударды. Ұйым басшылығына анықталған барлық кемшілікті фотофиксациямен актіге енгізіп, белгіленген мерзімде жою тапсырылды.

Жұмыс сапарына №7 қалалық клиникалық аурухана да кірді. Мұнда стационар корпусының қайта жаңғырту жұмыстары басталды, сонымен қатар емханаға күрделі жөндеу жүргізілуде. Бұл ретте медициналық қызмет көлемі қысқартылған жоқ.

Сапар барысында Марат Пашимов мердігер ұйымдармен кеңес өткізіп, онда алдағы реконструкцияның эскиздік жобалары таныстырылды.

Ол жұмыс кестесін қатаң сақтауды, орындалатын жұмыстардың сапасын қамтамасыз етуді және ең бастысы — тұрғындарға көрсетілетін медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын төмендетпеуді тапсырды.

Еске сала кетейік, жобада ғимаратты сейсмикалық тұрғыдан күшейту, коммуникацияларды жаңарту, қауіпсіздік жүйелерін жетілдіру және пайдалы аумақты 2500 м²-ге ұлғайту қарастырылған.

Бірінші қабат заманауи фронт-офиске қайта жабдықталады. Онда бөлек кіреберістер қарастырылып, бұл пациенттер үшін қолайлы жағдай жасап, келушілер мен персонал ағынын бөлуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ №10 қалалық емханаға күрделі жөндеу жүргізуге арналған жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу аяқталып келеді. Бұл емхана Әуезов ауданындағы 60 мыңға жуық тұрғынға қызмет көрсетеді.

Бұл ұйымның өзінде отбасы және балалар денсаулығы орталығы, әйелдер консультациясы, клинико-диагностикалық бөлімше және кеңейтілген функциялары бар мобильді бригада жұмыс істеп тұр. №10 емхана бойынша басқарма басшысы жобалық-сметалық құжаттаманы жедел аяқтап, күрделі жөндеуді бастауды тапсырды.

Алматыдағы медициналық ұйымдарды қайта жаңғырту және дамыту – Қоғамдық денсаулық басқармасының басты бағыттарының бірі. Бұл іс-шаралар медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға, қолданыстағы мекемелерге түсетін жүктемені азайтуға және қаланың денсаулық сақтау жүйесін халықаралық стандарттарға жақындатуға бағытталған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #денсаулық сақтау #жаңартылу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Шетелдік инвестор Қазақстандағы реформаларға жоғары баға берді

Бүгін 18:01

Қаланың үздік студенттері WorldSkills Almaty 2026 чемпионатында бақ сынап жатыр

Бүгін 17:56

Өскеменде 16 жастағы қызды жігіті пышақтап кеткен

Бүгін 17:13

Алматы Наурызды рекордтармен, цифрлық киіз үйлермен және жаңа форматтағы қалалық кеңістіктермен атап өтті

Бүгін 16:30

Абай университеті – әлемдік элитада: педагогтар даярлау бойынша әлемнің топ-50 қатарына енді

Бүгін 16:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика